Ауа туралы Жұмбақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 2
Жұмбақтар: 15
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 42
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 3
Туындылар: 1
Әңгімелер: 3
Анекдот, әзілдер: 1

Көзге көрінбей,Бізге өмірдей.(Ауа)
©  Серікбай Оспанов
Кең әлемді кернейді,Көзің бірақ көрмейді.Ауа
©  Мұзафар Әлімбаев
Ауа туралы жұмбақ
Көзге ілінбейді,Жұтсаң білінбейді.
 
Жауабы: Ауа
Бары-жоғын білмейсің,
Онысыз өмip сүрмейсің.

Жауабы: Ауа
Мұрныннан кеудеге өтеді,
Одан кері кетеді,
Өзі көзге көрінбейді,
Онсыз өмір сүрілмейді.

Жауабы: Ауа
Автокөлігіңіздің артқы орындарында балаңыз отыр. Қолында газ толы шар бар. Бала шардың жібін шар төбеге тимейтіндей етіп ұстап отыр. Бүкіл терезелер..
Мені жұтсаң,
Қуанып,
Тыныс алып тұрасың.
Қоссаң алдан бір әріп,
Маған суды құясың,
Малдарыңды суарып.
(Ауа-Науа)
Түсі бар көрінбейтін,
Біртұтас бөлінбейтін.
Тынысы ол тірліктің,
Ешқашан жерінбейтін.
Тіршілік аусар тек,
Ұстасаң қауқар жоқ,
Айналам қоршау көк,
Одан асқан кәусар жоқ.
Салмағың бар өлшесем,
Көрінбейсің көзге сен.
Бір нәрсе жер мен көктің арасында
Көрінбейді өзі түгіл қарасы да,
Білінбей жер үстінде жүрсе-дағы,
Пайдалы адамзаттың баласына.
Бар ма, жоқ па, анық білмейсің,
О жоқ жерде өмір сүрмейсің.
Түсi бар көрiнбейтiн,
Бiр тұтас бөлiнбейтiн.
Тынысы ол тiршiлiктiң,
Ешқашан жерiнбейтiн.
Тiршiлiк аусар тек,
Ұстасаң қауқар жоқ,
Айналам қоршау көк,
Одан асқан кәусар жоқ.
Көзге ілінбейді,
Жұтсаң білінбейді.