Пойыз туралы Жұмбақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Жұмбақтар: 10
Тақпақтар: 3
Өлеңдер: 22
Нақыл сөздер: 1
Әңгімелер: 5
Анекдот, әзілдер: 2

Үйлері бар бірнешеЗулап келеді бір көше.(Пойыз )
©  Серікбай Оспанов
Бір- бірінен ұстайтынЖүгірсе де ұшпайтын,Жиырма шақты үй көрдім,Тоқтап қалса, сүйрер кім?!(Пойыз)
©  Серікбай Оспанов
Келетін ғажайып бар әр тараптан,
Екпіні бір кем емес, атқан оқтан.
Үстінде неше түрлі нәрсесі бар,
Бу шығып құлағынан бұрқыратқан,
Ысқырып..
Тізбек үйлер көшіп жүр,
Жолын жұрттар тосып жүр.

Жауабы: Жолаушылар пойызы
Бір керуен қатарында өңшең түйе,
Аузынан жалын шығар қара күйе,
Жүрмейді ұрса-дағы басқалары,
Бәріне жалғыз бура болған ие.

Жауабы: Поезд
Қара нар қатарынан бір озбаған,
Боз інген ботасы жоқ құр боздаған.
Қызыл ат желмей, жортпай алысқа ұзап,
Аяғын анда-санда бір қозғаған.

Жауабы:..
Ойланып мен жұмбақты енді жазам,
Дүниеде бар бір күшті қара қазан,
Үстіне жанды-жансыз толған мүлік ,
Ән салып кетіп жатыр азан-қазан.

Жауабы:..
Ұзын-ұзын жолы бар,
Жолмен жүред жануар.
Дауысы зор әндетсе,
Денесі болат жануар.
Өзі жүрсе ертеді,
Жолдасын бастап жануар.

Жауабы: Поезд
Жүйрік бар жер бетімен самғайтұғын,
Жол салса жері бар ма бармайтұғын?
Аяғын жазды күні жерге баспай,
Қыста да қар үстінде талмайтұғын.
Соңына..
Бір-біріне қарай үйлер тіркесіп,
Қара тұлпар жүр әрі-бері көшіп.