Тасбақа туралы Жұмбақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 3
Жұмбақтар: 17
Тақпақтар: 5
Өлеңдер: 6
Жаңылтпаштар: 3
Нақыл сөздер: 1
Әңгімелер: 1
Ертегілер: 4
Анекдот, әзілдер: 2

Бауырында төрт таған,Арқасында тостаған.(Тасбақа)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
ЖұмыртқасынҚұммен ғана көмкерген,ТостағанынТу сыртына төңкерген.(Тасбақа)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Асты-үсті өндір тас,
Ортасында кендір бас.

Жауабы: Тасбақа
Аяғы бар, басы бар,
Арқасында тасы бар.

Жауабы: Тасбақа
Бір нәрсе төрт аяқты, мал басты емес,
Не адам, не дерексіз албасты емес.
Астында бір нәрсесі салбыраған,
Аттың жалы, атанның шудасы емес.
Көк ала бас көк бура,
Сырты сұлу, күмбездей,
Далада оттап жүрсе де
Бауырын жазып шаба алмас,
Үйірін іздеп таба алмас.
Үстіне киген киімі
Бір..
Базардан келген көк лөк,
Көк лөктің көзі көк.
Үстіндегі Жәнібек,
Жәнібектің жаны жоқ.
Өмірі шықпай үйден бір,
Өз үйін өзі сүйреп жүр.
Айдалада тостаған,
Оны нағып тастаған.
Сауыттан мықты шапаны,
Жиырылып кейде жатады.
Тастамайды бiр елi,
Үйiн сүйреп жүредi.
Тастан салған үйi бар,
Көшiп жүрер асықпай,
Қыста ұйықтап бұйығар,
Тамақ iздеп, ашықпай.
Жұмыр тасты төрт аяқ
Көтеріп тұр, көп таяп.
Тастай қатты бұл шапан,
Қалай жуып жұмсартам?

Жауабы: Тасбақаның сауыты
Тастамайды бір елі,
Үйін сүйреп жүреді
Асты тас, үсті тас
Ортасында жанды бас.
Аяғы бар,басы бар,
Арқасында тасы бар.