Бағдаршам туралы Жұмбақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Жұмбақтар: 10
Тақпақтар: 12
Өлеңдер: 6
Әңгімелер: 1

Үш көзі бар қырағы,Жоқ аузы не құлағы.Көшедегі көліккеƏмір беріп тұрады.(Бағдаршам)
©  Серікбай Оспанов
Жолдардың торабын,
Абайлап қарағын,
Әйгілеп үш сөзді,
Бір дәу тұр үш көзді.
Оған жас-кәріміз –
Бағындық бәріміз.

Жауабы: Бағдаршам
Аяғы бар жүрмейді,
Аузы жоқ сөйлейді.

Жауабы: Бағдаршам
Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та.

Жауабы: Бағдаршам
Өзі сөйлей білмейді,
Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді.

Жауабы: Бағдаршам
Менің үш көзім бар,
Бір көзім «кідір» дейді,
Бір көзім «жүгір» дейді,
Бір көзім «абайла» дейді,
«Қарап ал маңдайға!» - дейді.

Жауабы: Бағдаршам
Сөйлеуді ол білмейді,
Бірақ: «Тоқта!» «Жүр!» – дейді.

Жауабы: Бағдаршам
Үш көзді батыр,
Жолды аңдып жатыр.

Жауабы: Бағдаршам
Жоқ даусы, жоқ сөзі,
Жарқырайды көп көзі.
Жолыңды ашып тұрады,
Бұйрығын жұрт ұғады.

Жауабы: Бағдаршам
Үш көзді батыр
Жолды аңдып жатыр.