Пеш туралы Жұмбақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 2
Жұмбақтар: 17
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 1
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 3
Әңгімелер: 2
Ертегілер: 1

ПЕШ
Жаңа үйге,Жаңадан,Пеш салу үшiн,Қаладан,Əкем барып, жүз кiрпiшƏкелдi, бəрi қыш кiрпiш.Аулаға оны төгiптi,Бекер солай етiптi.Далада олар жатқанда,Түн..
©  Ескен Елубаев
Kөмip шайнап,
Teмip құсады.

Жауабы: Домна пеші
Өңеші кең,
Дәу аузымен жұтады.
Төбесі дөң,
Кіші аузымен құртады.

Жауабы: Пеш
Анасы - жуан,
Қызы - қызыл.

Жауабы: Пеш
Тап-тап, тап балшық,
Тап-тап соққан сор балшық.
Іші қызыл қиямет,
Сырты сұлу әлемет.

Жауабы: Пеш
Қос белбеу, мауыт шекпен, қазан қалпақ,
Нәрседей жылан сорған қарны жалпақ.
Бір жерден қозғалмайды сабыр етіп,
Қылмайды сабырсыздық етсе..
Заттардың қуаңына өр құмар,
Үстінде күйіп піскен нәрсе тұрар.
Орнынан аузын ашып, ұмтылса егер,
Тығылар берген тамақ ұмар-жұмар.

Жауабы: Пеш..
Сырты қап-қара,
Іші қып-қызыл жара.
Әлсін кіріп шығады,
Бір жалаңбас бала.

Жауабы: Пеш, от, кесеу
Бір нәрсе төрт бұрышты, доп-домалақ,
Үстінде тыныш тұрақ, бір сабалақ.
Өзінің бір ұшы жерде, бір ұшы көкте,
Тоймайды бес жүз түйе баққан..
Ұзын құрығым үйге сыймайды.

Жауабы: Пештің мойны
Аузы іште, мойны сыртта,
Бар жылуын берер жұртқа.

Жауабы: Пеш
Қуаты ыссы керемет,
Үйге лебін жаяды.

Жауабы: Пеш
Мың дозақ қиямет дерсің,
Ішіне нанды пісіріп жерсің.

Жауабы: Тандыр пеш
Үсті бүтін,
Іші түтін.

Жауабы: Тандыр пеш
Іші қызыл әлеумет,
Сырты қызыл керемет.
Тыңдап тұрып дәл ұрсаң,
Пайғамбарға сәлем ет.

Жауабы: Тандыр пеш
Аузы қара,
Түбі жара.
Сулап салсаң,
Шығады сары бала.

Жауабы: Тандыр пеш
Бір қара өгізге екі теңдей-теңдей жүк арттым,
Бір бала үстіне мінгізіп шылым тарттым.

Жауабы: Пеш, мұржа