Қар туралы Жұмбақтар ✍️

Құрметті оқырман! "Қар" тақырыбына байланысты Жұмбақтар жинағы — бұл бөлімде "Қар" ілмегіне қатысты Жұмбақтар топтастырылған. Осы бетте "Қар" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған Жұмбақтар, қызықты Жұмбақтармен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір Жұмбақтар автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Қар" тақырыбына байланысты Жұмбақтар іздесеңіз, жаттауға арналған Жұмбақтар оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 21
Жұмбақтар: 41
Тақпақтар: 30
Өлеңдер: 224
Жаңылтпаштар: 10
Нақыл сөздер: 6
Әңгімелер: 21
Ертегілер: 2
Поэмалар: 2
Шығармалар: 2
Аңыздар: 1
Эсселер: 2

Қыста үйдің қасындаАғашта, жер үстінде.Жазда таудың басында,Мұздатқыштың ішінде.(Қар)
©  Серікбай Оспанов
 Аппақ болып жатыр жерде Балдар ойнайды ол неҚар
Ақ тоным еріп кетті,Көк тоным келіп жетті.(Қар мен көктем)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Қаңтарда жерге қонған ақ көбелек,Наурызда егіледі бас төбелеп.(Қар)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Аппақ етіп айналаны,Ақ көбелек айналады.(Жапалақтап жауған қар)
©  Жаңа жыл
Қыста ғана болады,Ұстасаң қолың тоңады.(Қар)
©  Жаңа жыл
Қыста жерді жауып кетті,Ал көктемде ағып кетті.(Қар) 
©  Жаңа жыл
Ақ сиыр туып кетер,
Қара сиыр жатып қалар.

Жауабы: Қардың кетуі
Бөркін ағай киеді ошырайтып.

Жауабы: Томарға түскен қар
Ақ шапанын үстінен
Алты ай бойы шешпеді.
Қара шапаны үстінен
Алты ай бойы түспейді.

Жауабы: Қысқы ақ қар, жазғы қара жер
Қыс жатады, жаз тұрады,
Жоқ болса да қол-аяқ қаз тұрады.

Жауабы: Қар
Ақ сиыр тұрып кетер,
Қара сиыр жатып қалар.

Жауабы: Қардың еруі
Қысты күні қаптап,
Қонып жатыр бақбақ.

Жауабы: Жапалақ қар
Көбелек секілді келгенде,
Кеткенде әбжылан сияқты.

Жауабы: Қар
Аппақ, бірақ сүт емес,
Аппақ, бірақ бор емес,
Аспаннан ол түседі,
Даланы ақпен жабады.

Жауабы: Қар
Таусылмайтын ақ мақта,
Қысы — жазы тау жақта.

Жауабы: Қар
Құм сиақты ұсақ болғанымен,
Жер бетін жауып үлгереді.

Жауабы: Қар
Мамықтай жұмсақ болады,
Ұстасаң қолың тонады.

Жауабы: Қар
Бір нәрсе өліп жатыр, жетіп ажал,
Малының қисабы жоқ безбенге сал.
Сүйегі көкте де емес, жерде де емес,
Жігіттер, көңіл қойып..
Бір түйем жүре алмайды майы көптен,
Ол түйем тойынбайды жеген шөптен.
Егер де осы түйем өліп қалса,
Сүйегі табылмайды жер мен..
Батырмай жерге қонады,
Жердің беті оңады.
Қыста ғана тұрады,
Ұстасаң қолың тоңады.
жауабы
Қар
Ақ жібек асыл көрпедей,
Қыс болса жерді жабады.
Жазғытұрым болғанда,
Су болып сайға ағады.

жауабы
Қар
Аппақ етіп айналаны,
Ақ көбелек айналды;
Әбден қонып болған соң,
Жер әлемде жайланды.

жауабы
Қар
Жерге қонған аспаннан көп көбелек,
Жазда іздесем бірі де жоқ көбелек.
жауабы
Қар
Бір көрпем болушы еді ақ бәтестен,
Кім екен ыстық қолмен оны сөккен.
Төсекке көк пүліштен кілем салып,
Ғайып боп кетті өзі жер мен..