Логогриф туралы Жұмбақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Жұмбақтар: 3
Туындылар: 4

Өнеге жайын толғасаң,
Сол сөзді еске аласың,
Бір әріп қосып, ойласаң
Сүртінер затты табасың.
(Үлгі-сүлгі)
Құясың оған әрқашан
Қымызды мейір қанатын…
Дауыссыз дыбыс жалғасаң,
Сыныпта оқу сағаты
(Саба-сабақ)
Мені жұтсаң,
Қуанып,
Тыныс алып тұрасың.
Қоссаң алдан бір әріп,
Маған суды құясың,
Малдарыңды суарып.
(Ауа-Науа)