Қораз туралы Жұмбақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 4
Жұмбақтар: 10
Тақпақтар: 3
Өлеңдер: 8
Әңгімелер: 1

Басына киген тəжі бар,Таң атуын хабарлап,Тартатұғын «сазы» бар.(Қораз)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Таңертең тұр-тұрлайды,
Кешке жат деп жыр жырлайды.

Жауабы: Қораз
Ерте тұрады,
Жар шақырады.

Жауабы: Қораз
Басы тарақ,
Арты орақ.

Жауабы: Қораз
Қызылдан киген киім, басқа қалпақ,
Саусағы төртеу болған, емес жалпақ.
Үстіне неше түрлі тон жамылып,
Басады мас адамша талтақ-талтақ.

Жауабы:..
Дүниеде бір молда
Уағында азан оқиды.
Мезгілінде айқайлап,
Қайтып кеп жер шұқиды.

Жауабы: Қораз
Қызыл бұжыр айдары бар,
Қоқиланған айбары бар.
Ауық-ауық азан салып,
Өңеш керген айқайы бар.
Шашы жоқ,
Тарағы бар.
Егiнi жоқ,
Орағы бар.
Күн шықпай сап аттанды,
Қуырады апшыны.
Шырт ұйқыда жатқанды,
Оятады ащы үнi.
Басы — тарақ, арты — орақ.