Жаз туралы Жұмбақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 36
Жұмбақтар: 18
Тақпақтар: 32
Өлеңдер: 260
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 7
Құттықтау, тілектер: 1
Туындылар: 1
Әңгімелер: 19
Ертегілер: 2
Шығармалар: 6
Эсселер: 1

Ие жеке атқа,Төрт маусым бар бiр жылда,Ретiмен айт, жатқа.(Көктем, жаз, күз, қыс)
©  Ескен Елубаев
Күн ысып,Жеміс-жидек пісіп,Ел пішенін орады,     Бұл қай кезде болады?
Түйдек-түйдек,Түйе жүні ұшады.Жарқ-жұрқ етіпЖанындағы пышағы.Барабанын қағады,Бауырынан су ағады.(Жазғы бұлт)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Қара шекпен алынды,Қалың кілем салынды.(Жаз)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Ақ шапанын үстінен
Алты ай бойы шешпеді.
Қара шапаны үстінен
Алты ай бойы түспейді.

Жауабы: Қысқы ақ қар, жазғы қара жер
Базардан бір текемет алдым сатып,
Алты айдай текеметте жүрдім жатып.
Бұл іске мен ғажайып болып тұрдым,
Қалды ғой алты айдан соң айран..
Басына биік таудың бітеді раң,
Жайлайды ол раңды екі түрлі аң.
Қолына өткір семсер қылыш алып,
Шығады аң аулауға салып ұран.
Ат мінген бұл екеуі..
Руымыз әнжан,
Атқа міндік алты адам,
Алтымыз да балуан,
Тұра қашты бір қоян,
Басып қалдық жалма-жан.
Басып тұрдық бесеуміз,
Бауыздадық..
Алты арыстанды үш бөрі сорған,
Жілігін шақпай майын сорған,
Терісін теспей қанын сорған.

Жауабы: Алты арыстан - алты ай жаз, үш ай тоқсан
Алтауы ала қасқыр, алтауы қара қасқыр,
Біріккен он екісі қара басқыр,
Жиылып бір тырнаны бәрі жеген,
Көрейік сол тырнаны жақындастыр,
Бір сирағы..
Көрсең реңді, қарасаң көрікті,
Ол болмаса жұрттың бәрі
Бір бәлеге жолықты.

Жауабы: Жаз
Шақырса келмес,
Жаяу жүрмес.

Жауабы: Жаз
Жерде жоқ, көкте жоқ,
Бір әңгелектен әңгелек шығады.
Он екі бөлек,
Біреуі-ащы,
Біреуі-тұщы.

Жауабы: Он екі ай, жаз бен қыс
Екі үлкен нар көрдім,
Бірінің жақсы нұры бар,
Бірінің жаман түрі бар,
Арасында үзілмес бұйда жібі бар.

Жауабы: Жаз бен қыс
Тауда дарақ, екі бұтақ,
Біреуі гүлді, біреуі гүлсіз.

Жауабы: Жыл, жаз, қыс
Жайнаған жер үсті,
Мекенмін келісті.
Бірінші әріп ауысса,
Айдынға ұшып қонамын.

жауабы
Жаз -Қаз
«Ж»-дан бастасаң,
Жыл мезгілі болады.
«Қ»-дан бастасаң,
Құсқа айнала қалады.

жауабы
Жаз - Қаз
Ақ түсті,
Көк түсті,
От түсті,
Тот түсті-
Төрт түсті жер үсті.