Тарихи жұмбақтар туралы Жұмбақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Жұмбақтар: 14

Сабалақ болып атанады,Абылай есімі жарасады,Түп есімі қалай аталады?(Әбілмансұр)
Он алтыншы ғасыр басы,Ер атағы жаһан асты.Бүкіл Азия діріл қақты,Бұл хан талай елді алды!(Қасым хан)
Он оқ будун мемлекет құрды,Тілі бір, діні бір ғасыр тұрды.Сансыз, бел жауды алып ұрды,Мұндай қағанатты кім құрды?(Таман яғни Тардуш қаған)
Екі ағайынды туады,Шығыс пен батыста тұрады.Батыста тұрған бауырдың.Қайсарлы он ұлы болады.(Батыс Түрік қағанатынемесе Он оқ будун)
Жиырма төрт тайпа дейді Қашқари,Он екі тайпа дейді Марвази.Жазылған деректер заманы әр түрлі,Сонымен кімдер туралы айтыпты?(Оғыздар)
Түбі түркі баласы,Скиф-сақтың данасы.Шешен сөзі төгілген,Жеті ғұлама дарасы.(Анахарсис)
Мәдениет бар Атасу,Мүмкін емес адасу.Бар Беғазы мен Дәндібай,Тауып көрші шатаспай.(Қола мәдениеті) 
Ақмола облысы – Атбасар,Торғайдың ойпаты – Маханжар,Бар жақындық байланыс,Шешімін оның кім табар?(Неолит мәдениеттері)
Еділ, Жайық арасы,Сарайшық бас қаласы.(Ноғай Ордасы)
Сырты нүкте, іші қуыс,Тұрып жатты бар туыс.(Үңгір)
Пайда болғанда адам баласы,Қандай құралды алғаш қолданды?(Тас құралды)
Байқоңыр бар деп бізде мақтанамызКөп жылдар ұша алмадық ғарышқа бізҒарышқа тұңғыш ұшқан қазақ ұлынБілмесең ұят болар, болмас негіз(Тоқтар Әубәкіров)
Мерекең құтты болсын ұстаздарымОқушы келім - кетті бар достарымТәуелсіздік заңының қабылданғанЖылын тап мықты болсаң біз тосалық(1995 жыл)
Жиынға жиналыпты бүгін бәріСұрақты қояйық біз сөздің нәріЕжелде түрік бабам жазған жазуАтауын қалай екен білсең кәні(руна)