Есік туралы Жұмбақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 17
Жұмбақтар: 15
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 50
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 9
Әңгімелер: 4
Анекдот, әзілдер: 1
Аңыздар: 1

Қолмен ашамын,Қорғалап басамын.(Есік)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Дүниеде дөңгелек дәу, білесің бе?
Өзі аппақ жаулығы бар төбесінде.
Үш белбеу, бес киім, бір жапқышы бар,
Сансыз бау, ою-өрнек..
Күндіз салбырап тұрады,
Түнде тесігін табады.

Жауабы: Есік ілгіш
Жансызда бір нәрсе бар формалданған,
Аузын кейде ашып, кейде жұмған,
Ішінен жылтыраған мөлдір көзі,
Өмірде ұйықтамайды бұл не қылған?

Жауабы: ..
Дүниеде бір нәрсе бар өзі жансыз,
Жоқ оны ұрмайтұғын адамзатта.

Жауабы: Есік
Адам кірсе ашылады,
Сыртқа шықса жабылады.

Жауабы:Есік
Әрі лап-лап, бері лап-лап,
Қанша үлкен болса да,
Орнына келер жапсақ.

Жауабы: Есік
Мекені жол үстінде тұрар жері,
Бар екен алты жерде қаққан зері ,
Қандайлық қызметті атқарады,
Адаммен бірге жүрер әрі-бері.

Жауабы: Есік
Күндіз сырп-сырп,
Түнде жым-жырт.

Жауабы: Есік
Көк итім қабаған,
Артына киіз жамаған.

Жауабы: Киіз есік
Қызыл сиырымның жоны жалпақ.

Жауабы: Есік
Үлкен өгіз бар,
Жалғыз көзі бар.

Жауабы: Там үй, оның есігі
Арыстан аузын ашса, арс етеді,
Таңдайы жұтып қалса, тарс етеді.
Омыртқасы тұтас та қабырға жоқ ,
Екі көзі маңдайында жарқ етеді.

Жауабы:..
Аузын ашсаң,
Өкпесі көрінеді.

Жауабы: Есік пен от
Келсең жолды ашады,
Кетсең жолды жабады.

жауабы
Есік