Бөлім: «Жұмбақтар»

Жұмбақ – адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.
Жолдас болсаң оныменСыр жасырар жөнімен.Ой-теңізін кешесің,Ойлы болып өсесің.Кейде сырын шеше алмай,Кейде сырын шешесің.(Жұмбақ)
©  Серікбай Оспанов
Жоқ аяғы, жоқ қолы,Талай істі атқарады.Мені, затты қап толыАрғы бетке апарады.(Қайық)
©  Серікбай Оспанов
Көкпеңбек, қызыл-жасылдыАспанға моншақ шашылды.(Салют)
©  Серікбай Оспанов
Кіп-кішкене бар мықты.Інге кіріп алады.Есіктерді, сандықтыСол ашады, жабады.(Кілт)
©  Серікбай Оспанов
Адамды адамға жалғайды,Адамнан бір сəт қалмайды.Естиді,Сөйлей алмайды.(Құлақ)
©  Серікбай Оспанов
Тісі жоқ, бірақ баланыБетінен тістеп алады.(Аяз)
©  Серікбай Оспанов
Су ішінде самғайдыАртқа шегіне алмайды.(Балық)
©  Серікбай Оспанов
Көзге көрінбей,Бізге өмірдей.(Ауа)
©  Серікбай Оспанов
Ісі сүйіндіреді:Өзі киінбейді,Жұртты киіндіреді.(Ине)
©  Серікбай Оспанов
Қанатын бір қақпайтын,Құс бар бəрі мақтайтын.(Ұшақ)
©  Серікбай Оспанов
Оған кімдер мінбейді,Оны кімдер білмейді?!Керегі жоқ ер- тұрман,Төрт аяқты,Жүрмейді.(Орындық)
©  Серікбай Оспанов
Үйлері бар бірнешеЗулап келеді бір көше.(Пойыз )
©  Серікбай Оспанов
Бір- бірінен ұстайтынЖүгірсе де ұшпайтын,Жиырма шақты үй көрдім,Тоқтап қалса, сүйрер кім?!(Пойыз)
©  Серікбай Оспанов
Қар борайды тербесең,Ұстап көрші сенбесең.(Елеуіш)
©  Серікбай Оспанов
22 наурыз - Наурыз мейрамы туралы жұмбақ
1) Гүл - гүл жайнап жер, аспан,Гүрілдейді сайда өзен.Гүлжазира жарасқанГүлдерімен қай кезен?(Шешуі:көктем) 2) Қар мұз еріп, су көбейіп,Сай салаға..
Жазда ысиды, қыста үсиді, үнемі қышиды.жауабы 5-әріп, жаман ойлағанның өзі жаман.
©  18+ жас
ӘКЕМ АТАМА ТАРТҚАНАНАМ ӘЖЕМЕ ТАРТҚАНАЛ МЕН ЕКЕУІНЕ ТАРТҚАМІНІМ АНАМА ТАРТҚАН АЛ БАУЫРЫМ КІМГЕ ТАРТҚАН? 
Тікен-тікен денесіКіп-кішкентай көлемі Жауабы - кірпі
Күн жайлы қызықты жұмбақ.
Алып-алып, сап-сары, Аспанда жарқыл етеді. Көрген бала қызығып, Зерттегісі келеді. Ж: Күн
©  Нұрғалиқызы Ясира
Ғарыш жайлы қызықты жұмбақ.
Аспанда жұлдыз жарқырап, Ай мен Күні төніп тұр. Құс жолы көкте сарқырап, Ғаламшарлар төніп тұр. Ж: Ғарыш. 
©  Нұрғалиқызы Ясира
Ақ сүттімен өсіргенМапелеп жеткізгенОның сүтің ішпесенЕш өспейсін Жауабы: Ана
Жатам құстар тобына,Азығымын адамның.«Ы»-ны қоссаң соңыма,Жылқы етімін – тағаммын.(Қаз бен қазы)
Жамауы бар тігінсіз,Киімі қалың жамылар.Жыртығы жоқ, еш мінсіз,Ала-құла тоны бар.(Ала жылқы)
Жамаулары болса да білінбейді,Жансызға ондай нәрсе ілінбейді.(Ала жылқы)
Жамаулары болса да тесігі білінбейді.(Шұбар ат)