Бөлім: «Жұмбақтар»

Жұмбақ – адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.
Бiр ананың бес ұлы,Мәңгi бiрге бесiгi.(Саусақтар)
©  Сұлтан Қалиұлы
Ағайынды бес құрдас Бiрдей болып еш тұрмас.(Саусақтар)
©  Сұлтан Қалиұлы
Қатар-қатар ақ күрiш,Тұрған жерi – қақтығыс.(Тiс)
©  Сұлтан Қалиұлы
Жайшылықта жекесiң,Қарай қалсаң – екеусiң.(Айна)
©  Сұлтан Қалиұлы
Кейде жарты, кейде бүтiн дөңгелекТүн болғанда шомылады көлге кеп.(Ай)
©  Сұлтан Қалиұлы
Дөп-дөңгелек қос шыны,Бұзылмайды достығы.Өмiр бойы екеуiҚол ұстасып өтедi.(Көзiлдiрiк)
©  Сұлтан Қалиұлы
Өзiң мiнген қос қайықты достай ұқ,Бiр-бiрiнен озады екi елгезек.Сенi кезек көтередi қос қайық,Қос қайықты көтересiң сен кезек.(Туфли, кебiс)
©  Сұлтан Қалиұлы
Бiз қызынсақ, қызады iс,Кемедеймiз мұз жарғыш.Күресемiз сән үшiн,Әйтеуiр мол бiзге алғыс,(Үтiк)
©  Сұлтан Қалиұлы
Уқалап та қолыңменЖұма алмайсың көзiмдi.Қимылдаған ернiмненҰға алмайсың сөзiмдi.Құйрығымда – күрегiм,Суда өмiр сүремiн.(Балық)
©  Сұлтан Қалиұлы
Арбаң-арбаң жүрiсiм,Не iстемейсiң күн үшiн.Шыбындарға тор құрып,Отырамын болдырып. (Өрмекші)
©  Сұлтан Қалиұлы
Жасыл ине – киiмiм,Жайлаймын тау биiгiн.Жаңа жылды тойласаң,Төрiңдемiн үйiңнiң!(Шырша)
©  Сұлтан Қалиұлы
Үлп-үлп етiп тымағы,Желп-желп етiп құлағы,Суды кешiп тұрады.(Құрақ)
©  Сұлтан Қалиұлы
Түнерiп атам от сызып,Моншақтарды кеттi үзiп.Моншақ жерге төгiлдi,Қуандырды егiндi.(Найзағай, жаңбыр)
©  Сұлтан Қалиұлы
Бетiңе самал үйiргенАумаған желдиiрмен.(Желдеткiш)
©  Сұлтан Қалиұлы
Аяғы – аузы,Басы – құлағы.Шырылдап алып,Әңгiме құрады.(Телефон)
©  Сұлтан Қалиұлы
Қалпақ киген бiр бас бар,Төбесiнен iлген.Өз сырын ол түнде ашқан,Аумайды бiр күннен.(Электр шамы)
©  Сұлтан Қалиұлы
Еңбекқор,Бал жинайды,Адамдарға сыйлайды.Көп қонатын гүлге,Бұл не? Ара)
©  Сұлтан Қалиұлы
Сүйегi оның тор шабақ,Көшсек, бұздық боршалап.Сен де мұны бiлер ең,Жайлауда егер болсаң-ақ.(Киiз үй)
©  Сұлтан Қалиұлы
Ән салады чемодан,Iшiнде жүр көп адам.Естiмейдi сөзiңдi,Сөйлесең де сен оған. (Теледидар)
©  Сұлтан Қалиұлы
Жұмыртқамды көрші ұяға тастадым,Балапаным бауырында басқаның.Қашан келіп тыңдасаң да сөзімді,Қайта-қайта таныстырам өзімді.(Көкек)
©  Сұлтан Қалиұлы
Кім үйреткен соғуды,Тоқылдайды дыбысы.Көршісіне өміріҰнамайды мұнысы.Ол келсе-ақ болғаны,Өледі құрт тыпырлап.Дәрігері орманның,Бұл қандай..
©  Сұлтан Қалиұлы
Қос қанатын иіп ап,Жарға келіп қонады.Қара киім киіп ап,Балшықтан үй соғады.Балаларын тұзақтап,Босатпайды ұшқанша.Құйрығы айыр,Төсі аппақҚуса жетпес..
©  Сұлтан Қалиұлы
– Өзі суда жүзеді,Алқымында дорбасы.Балықтарды сүзеді,Жиған-терген сонда асы.Балапанға сақтаулыДорбасында жүр сазан.Бұл қандай құс, тап кәні– Бұл..
©  Сұлтан Қалиұлы
Күндіз жатып, түнде ұшып,Жерден тышқан аулайды.Болмаса ғой біз тұмсық,Мысықтан бір аумайды. Үкі
©  Сұлтан Қалиұлы
 Арқасында шалжиясың,Түнейсің де әл жиясың. ) Керует (
©  Сұлтан Қалиұлы