Бөлім: «Жұмбақтар»

Жұмбақ – адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.
Оны алмасаң – оңалмайсың,Алсаң, ұстап көре алмайсың.(Бiлiм)
©  Сұлтан Қалиұлы
Қабат-қабат қалып,Iшi толған әрiп.Үйретерi көп деп,Құрметтейдi халық.(Кiтап)
©  Сұлтан Қалиұлы
Түрлi-түрлi шапаны,Болғанымен iшi аппақ.Портфелiңде жатадыЖазуыңды құшақтап.(Дәптер)
©  Сұлтан Қалиұлы
«О» деп жазып, ШiркiнiңКөрсетедi сиқырын. Iс қыларда талтайған Бiр көмекшiм – ........(Циркулiм)
©  Сұлтан Қалиұлы
Мекендеген портфелiмдi,Беттерi аппақ, ақ көңiлдi,Қызаратын қатем үшiн Кiрлетпеймiн ........ (Дәптерiмдi)
©  Сұлтан Қалиұлы
Тiл – ырысың, өрiсiң де, Тiл – көктегi ғажап күнiң.Ғажап күнсiңМен үшiн деБабам тiлi – ........... («Қазақ тiлiм»)
©  Сұлтан Қалиұлы
Достастырып әрiптермен,Бiлiмге жол салып берген,Алдымнан шам жағып бергенАйналайын ...........(«Әлiппемнен»)
©  Сұлтан Қалиұлы
Ой маржанын тере бiлгенӘр жазушың, әр ақының.Әр сөзiңдi емемiн мен,Ана сүтi – ......... («Ана тiлiм»)
©  Сұлтан Қалиұлы
Қайсы күнi қандай сабақ,Қалай менiң үлгерiмiм –Еш жаңылып қалмай, санапЖүредi ылғи.....лi....(Күнделiгiм)
©  Сұлтан Қалиұлы
Бұғынысып аңдысқан,Қоршауда – қос арыстан.Қолдарында – төрт қошқарКезек-кезек қағысқан. (Бокс)
©  Сұлтан Қалиұлы
Күмбез көлiк – жеккенiм,Төмен қарай беттедiм. (Парашют, парашютист) 
©  Сұлтан Қалиұлы
Қарауылда қамал тұр дөп-дөңгелек,Қабат-қабат iшiнде он дөңгелек.Оныншысын қамалдың алу үшiнҚұралайды көзге атқан мерген керек.(Қағаз нысана) 
©  Сұлтан Қалиұлы
Қос батырдың қолындаӘмiрлерiн орындап,Бiр-бiрiмен иықтасады,Батырларға тиiп қашады.(Семсер)
©  Сұлтан Қалиұлы
Ауыр-ауыр, ауыр доп,Алыс түссе – тәуiр деп.(Ядро)
©  Сұлтан Қалиұлы
Аулада жүр арғымақ,Қызығады әркiм-ақ.Жұрт ұмтылса, алқынып,Құстай ұшып жөңкидi.Қолдан-қолға атылып,Жерге түссе, мөңкидi. (Баскетбол добы)
©  Сұлтан Қалиұлы
Көк майсада тор үйдiОн көкпаршы ториды.Қуған лағын кiргiзбей,Он бiр батыр қориды.(Футбол қақпасы, доп)
©  Сұлтан Қалиұлы
Сыңар қанатӨз суретiн көредi суға қарап.(Желкендi қайық)
©  Сұлтан Қалиұлы
Дыбыс, ән-күй – азығым,Iшегiмде – жазуым.Көзбен оқи алмайсың,Құлағыңды салғайсың.(Магнитофон)
©  Сұлтан Қалиұлы
Өнерлiмiн өте мен,Тоты дерлiк тоты емен.Сөзiң, күйiң, әнiң бе –Қайталаймын бәрiн де.(Жаңғырық)
©  Сұлтан Қалиұлы
АрқасындаШалжиясың.Түнейсiң де, әл жиясың.(Кереует)
©  Сұлтан Қалиұлы
Iшi мұздап,Құрыстап, Дiрiлдейдi бiр шкаф.(Тоңазытқыш)
©  Сұлтан Қалиұлы
Иiр мойын,Бүкiр жон,Ашуланса түкiрген.(Нар түйе)
©  Сұлтан Қалиұлы
Пыр-пыр,Үшкiр тырнағы.Тышқан – оның құрбаны.(Мысық)
©  Сұлтан Қалиұлы
ТүздеАдымдайды.ҮйдеДамылдайды.Дәлiзге жұрт тастайды,Төрге аяқ баспайды.(Сыртта киетiн аяқ киiмдер)
©  Сұлтан Қалиұлы
Iскер менiң сары атам,Сақалы нақ сарафан.Сақалы еден сипады, Бiр тазарды үй тағы.(Сыпырғы)
©  Сұлтан Қалиұлы