Қысқа әңгімелер жинағы туралы Әңгімелер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Әңгімелер: 71

Ең қысқа әңгіме
Бәрі де кешОл тұңғыш рет мешітке бармақ болып жолға шықты. Бірақ, Жәбірейіл періште оның жанын алуға келе жатқан еді…
©  РАЙХАН НАРҚҰЛАН
Сырқаттың   сыры
 Өтірікті жаза-жаза қолы емес, ойы ауырып жүр.
©  Қысқа әңгімелер
Жиналыстың  қиналысы
 Жиналысқа адам қарасын жинау  қиынның  қиыны  болып барады. Кешегі бір жиналысқа бірде-бір адам келмей қалды... тек мұғалімдер ғана... жыпырлап..
©  Қысқа әңгімелер
Қайталанбас
 Бақытты сәтің де, жақұтты сәтің де, қаяулы шағың да, аяулы шағың да, қуанышың да, жұбанышың да қайталанады. Бәрі-бәрі қайталанады: әлі талай­ мәрте..
©  Қысқа әңгімелер
Сұрқай   заманда
 Қоғамда өткір сөз, өтімді ойдың тапшы болуы рухсыздықтың жайлауына жол ашады.
©  Қысқа әңгімелер
Екі   басқа
 Әйелдің күйеуіне деген адалдығын елге деген адал­дықпен теңгеруге болады. Ал еркектің әйелге деген адал­дығын айтқанда, бұл теңеуді ауызға алуға..
©  Қысқа әңгімелер
Өлермендік
 Біздің білім саласының өлермендігі сондай – «оқы­маймын» деп жер тістеп, табан тіреп, көткеншектеп отырған баланың өзін де күштеп, көтенінен көтеріп..
©  Қысқа әңгімелер
Арман-ай
 Үлкен-үлкен істер атқаруды армандаушылардан гөрі, үл­кен-үлкен креслоға бөксе бас­ты­руды армандаушылар көп.
©  Қысқа әңгімелер
Таяз   тарих
 Бізді үш жүз жыл бойы құртқан, жойған, таптаған, талағ­ан, қаңғыртқан, қансы­ратқан, атқан, жойған, тілден, діннен бездірген отаршылдар екенін..
©  Қысқа әңгімелер
Өзгерген   етек
 Бір жігіттің етегінен ұстауды арман ететін бұрымды­лардан гөрі, «Менің етегімнен ұста» деп өрлік танытатын қиғаш көздеріміз көбейіп тұр.
©  Қысқа әңгімелер
Мылтықсыз  майдан
 Алдыңғы бір буынның солайк­ем  арақтың құрбаны боп кеткенін көрдік... Ендігі мына сары ауыз ұрпақ әлеуметтік  желінің  құрбаны  болып­  жатыр...
©  Қысқа әңгімелер
Бар  болғаны   жақсы
 Біреудің үйір-үйір жылқысы, қора-қора қойы бар. Біреу­дің гектар-гектар жері бар. Біреудің  қос-қостан  көлігі бар. Біреудің қос қабатты үйі..
©  Қысқа әңгімелер
Теріс бата
 Қашан кабинетіңде үстің­нен түсіп, қолыңа темір кісен салып, желкелеп алып детектетіп кеткенше, алақаның майлан­а берсін, думанды күнің  жалғаса ..
©  Қысқа әңгімелер
«Тіршілік   тынысы»
 Жасы ай сайын айлықтан айлыққа қалай жетем деп тірнектеп жүр. Жасамысы қашан  зейнеткерлікке  жетемін деп тырбаңдап тірлік кешіп  жүр.
©  Қысқа әңгімелер
Тебеген
Шілдің боғындай бытырап, бірін-бірі күндеп, аузы мыс­қыл сасып жүретін, рухы жоқ, мұраты кем даласуан адамдарға айтқ­аныңды өткеру оңайдың оңайы...
©  Қысқа әңгімелер
Сөздің   салқыны
 Аузыңнан шыққан жарты ауыз сөздің алда-жалда біреу­дің  ұйып  тұрған көңілін жанай дір еткізіп кеткенін көріп қалсаң, сол сәтте екі бетің дуылд­ап..
©  Қысқа әңгімелер
Үннің   үкімі
 Үндемеген үйдей пәледен құтылады. Үндеп қалған қораға шығып қалады...
©  Қысқа әңгімелер
«Жұмыссыз»
 Бізде жұмыссыздар жоқ дейсің. Ау, үлкен кабинеттерде, депутаттық орындарда жылдар бойы тұяғын қозғалтпай, саусағын жыбырлатпай отырғандарды..
©  Қысқа әңгімелер
Өзгеріс
 Бұрын жаңа басшы келетін болса, «кім екен, қандай болады екен?» деп бәрінің көзі алақандай боп жүретін. Бүгінде бастық боп келе жатқан мықтың: «бұл..
©  Қысқа әңгімелер
Күнәліміз
 Жаратқан бізге бәрін де беріп жарылқаған. Біздің кінәміз – сол көптің қадірін түсінбей, бағасын білмей жоғалтып алып жүргендігіміз.
©  Қысқа әңгімелер
Білсең   айтшы?
 Сөз сапырған ақылдыларымыз өте көп, ендеше тұралап, тура жолымызды неге таба алмай жүрміз?
©  Қысқа әңгімелер
Былықтың  басы
 Шырылдаған шындықтың үні өшкен кезде шын былықтар басталады.
©  Қысқа әңгімелер
Маймыл мен  айғыр
 Ана жақта, мықтылардың арасында жүрсе – айнымаған маймыл, мына жақта, қара шаруан­ың арасында жүрсе – азынаған  айғыр.
©  Қысқа әңгімелер
Жоғарылаған   жол
 Бұрын алынған пара топ етіп қалтаға түсетін, бүгінде жоғары жаққа қарай жол тар­татын  болыпты.
©  Қысқа әңгімелер
Төбедегі  ойын
 Білімді еш қажет етпейтін орталарда білімсіздер мен нақұры­стар білегін сыбанып, алдыға шығып, дүсірлетіп төбеңде ойнайды.
©  Қысқа әңгімелер