Аш туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 37
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 5
Нақыл сөздер: 1
Ертегілер: 1
Анекдот, әзілдер: 1

Аш бала тоқ баламен ойнамайды,
Тоқ бала ешнәрсені ойламайды.
Аздың ашпыз дегеніне нанба,
Көптің тоқпыз дегеніне нанба.
Аш адам көп жейді,
Ашулы адам көп сөйлейді.
Аш не жемейді,
Тоқ не демейді.
Аш адам айғайға басса,
Жалаңаш адам жолдан қашады.
Басқаның тойы –
Аш қарын тойы.
Аш қадірін тоқ білмес,
Ауру қадірін сау білмес.
Аш кісі май таңдамас,
Кәрі қыз бай таңдамас.
Аш адамды әңгімемен асырамас.
Аш отырып,
Ас таңдайды,
Жаяу отырып,
Ат таңдайды.
Аш кісі — ұрысқақ,
Ауру кісі — тырысқақ.
Аштың ойы тамағында,
Жаяудың ойы табанында.