Ақыл туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 323
Тақпақтар: 18
Өлеңдер: 196
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 258
Баталар: 1
Туындылар: 2
Әңгімелер: 18
Ертегілер: 8
Поэмалар: 1
Шығармалар: 2
Анекдот, әзілдер: 4
Эсселер: 1

Ақылы асса, аға тұт,
Әкімшілігі асса, пана тұт.
Көзі жоқ құлағы саудың — ақылы толар,
Құлағы жоқ көзі саудың — ақылы солар.
Кәрінің сөзін қапқа сал,
Өлгеніңше ырзығың таусылмайды.
Адамның ақылы қысқарса,Аузындағы сөзі ұзара береді.
Арақ ішкен тойда мас,
Ақылы жоқ — күнде мас.
Ақыл ескермейді,
Алтын шірімейді.
Бас – ақыл үшін,
Ақылды – ел үшін.
Ақылсыз бас екі аяқты зорлайды.
Бақыт белгісі - ғылым мен ақыл.
Арқасы аспанға тисе де,
Ақылы аяғының астында жатыр.
Үлкенмін деп сынайсың,
Бізден ақыл сұрайсың.
Әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа.
Ақылды әйел күйеуінің ойнап айтқанын,
Ойлап талдайды.
Әйелдің ақылын жесірінде байқа,
Баланың ақылын жетімінде байқа.
Кісі ақылын таңдап ал,
Таңдап-талғап, талдап ал.
Ақылдыдан шыққан сөз,
Аңсағанға болсын кез.
Ойдың түбі - терең,
Ақылдың түбі - берен.
Бiлiмдiден ақыл шығар.
Ақылды қарттан нақыл шығар.
Ақылсыз бастан мақұл сөз шықпас.
Алымсыз басқа ақыл жұқпас.
Бойының ұзындығын қайтейін,
Ақылының қысқасын қайтейін.
Ой ақылдан жүйрік емес.
Ашу ақылдың дұшпаны,
Нәпсі иманның дұшпаны.
Ақылың болса арыңды сақта,
Ар-ұят керек әр уақытта.
Ақыл таппайтын амал жоқ,
Атқыш бұзбайтын қамал жоқ.