Ақыл туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 323
Тақпақтар: 18
Өлеңдер: 196
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 258
Баталар: 1
Туындылар: 2
Әңгімелер: 18
Ертегілер: 8
Поэмалар: 1
Шығармалар: 2
Анекдот, әзілдер: 4
Эсселер: 1

Аз жақсылық —
Ақылды тең етеді.
Көп жақсылық —
Ақылды кең етеді.
Айла — алтау,
Ақыл — жетеу.
Жаманның ақылы
Түс ауған соң кіреді.
Аштың ақылы астан әрі аспайды.
Ақыл –дария,
Ой – теңіз.
Көзі жоқ, құлағы саудың
Ақылы толады.
Құлағы жоқ, көзі саудың
Ақылы солады.
Сұқтанба қапыда “сұлу” деп құр бетке,
Адамдық – ақылда, сұлулық – жүректе.
Ақыл азбайды, әділдік тозбайды, арамдық озбайды
Жау жоқта – батыр көп,
Дау жоқта – ақыл көп.
Қазан қайнап тұрса, ақыл сайрап тұрады.
Ақыл ердің қорғаны.
Айғайлы жерде ақыл аз.
Ақылды қыз — ауыл көркі.
Ақыл айнымас, алтын шірімес.
Ақыл — арман, ой — өріс.
Адамның жүзі ақылдың айнасы.
Ақыл көркі — тіл,
Тілдің көркі — сөз,
Адам көркі — жүз,
Жүздің көркі — көз.
Ақыл шыңы - даналық.
Білім - бұлақ,
Ақыл - жағалай біткен құрақ.
Ақыл - ауыздан,
Мерей - көзден.
Ақыл азбайды,
Білім тозбайды.
Қой асығы демей-ақ
Қолыңа толса, сақа тұт,
Жасы кіші демей-ақ
Ақылы асса, аға тұт.
Білімдіден ақыл шығар.
Ақылды қарттан нақыл шығар.