Еріншек туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 36
Тақпақтар: 3
Өлеңдер: 6
Нақыл сөздер: 3
Ертегілер: 2

Еріншек екпінді болмас.
Әлсіз адам сүріншек,
Ақылсыз адам еріншек.
Жабайы шөп егінді аздырар,
Еріншектік ерді аздырар.
Әлсіз адам — сүріншек,
Ақылсыз адам — еріншек.
Не еріншек өлер,
Не келіншек өлер.
Еріншектің егіні піспес.
Аттың сүріншегі,
Жігіттің еріншегі жаман.
Еріншекке есік пен төр —
Екі күндік жер.
Еріншектің ертеңі бітпес,
Жеңілтектің селтеңі бітпес.
Есті бір өледі,
Еріншек мың өледі.
Ертең-ертең деумен,
Еріншек өлер.
Көрінгенге жем болып
Көңілшек өлер.