Еңбек туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 295
Жұмбақтар: 5
Тақпақтар: 46
Өлеңдер: 131
Жаңылтпаштар: 8
Нақыл сөздер: 148
Құттықтау, тілектер: 33
Туындылар: 3
Әңгімелер: 19
Ертегілер: 2
Поэмалар: 1
Шығармалар: 6
Эсселер: 5

Еңбексіз диқанның күні өтпейді.
Ер еңбегін жер жұтпайды.
Еңбекте ынта болмаса,
Іс өнбейді.
Еңбексіз береке жоқ,
Еңбекте мереке көп.
Жона білсең –
Соға да білесің.
Бiлiм алып құрасын,
Еңбек етiп сұрасын.
Ащы еңбектен тәтті нан.
Еңбек те ептілікті тілейді,
Ерлік те ептілікті тіледі.
Келісті келбет ерде бар,
Қымбатты қазына жерде бар.
Ерінбей еңбек қыл,
Жалықпай өнер қыл.
Қазарсың арықты,
Көрерсің жарықты.
Еңбекшіге әр күн сәт,
Еңбексізге бір күн сәт.
Бір еңбек еткен, екі етеді,
Екі еткен әдет етеді.
мал, төрт түлік мал
Еңбек мұратқа жеткізер,
Жалқаулық абыройды кеткізер.
Еңкейгеннің еңсесін
Еңбек көтереді.
Адал еңбек аздырмас,
Арамдық бойды жаздырмас.
Еңбектің көзін тапқан
Байлықтың өзін табады.
Көп еңбегі - пәрменді.
Еңбегі жанғанның
Тоқтысы егіз туады.
Егіні біткеннің
Қырманына қыдыр қонады.
Ерінбегеннің еңбегі оңады.
Еңбегі оңғанның үйіне қыдыр қонады.
Енді - еңбек бейнет емес, зейнет.
Жас күніңде еңбек қылсаң,
Есейгенше жетілерсің.
Еңбек өмірді ажарлайды.