Еңбек туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 295
Жұмбақтар: 5
Тақпақтар: 46
Өлеңдер: 131
Жаңылтпаштар: 8
Нақыл сөздер: 148
Құттықтау, тілектер: 33
Туындылар: 3
Әңгімелер: 19
Ертегілер: 2
Поэмалар: 1
Шығармалар: 6
Эсселер: 5

Еңбегімен ер сыйлы,Өнбегімен жыр сыйлы. 
Жер — ырыстың кіндігі,Еңбек — ырыстың қазығы. 
Су — ырыстың көзі,Еңбек — кірістің көзі. 
Жүре-жүре арық қазсаң,Күле-күле су ішерсің. 
Ердің еңбегін күндегенше, Өзіңнің жігеріңді шыңда.

Көреалмаушылық, күндестік деген жақсы қасиет емес. Ол дерт сияқты. Адамның түр-түсіне әсер..
©  Гүлтас Құрманбай
 Еккенде келісіп алса, жинағанда жанжал болмайды.

Қазіргі бизнеспен айналысып жүрген жандарға өте-мөте қажет мақал сияқты. Сіз қалай..
©  Гүлтас Құрманбай
     Еріншекке есік те асу көрінер, Жалқауға бұлт та жүк көрінер.
* Осы мақалды есіңізде ұстаңыз. Өзіңіздің бойыңызда еріншектік пен..
©  Гүлтас Құрманбай
Төзім мен еңбек-Бәрін де жеңбек.
Еңбек-ырызық, еріншектік-қырсық.
Еңбек етіп тер төккенІшіп-жейді тәбеттен.
Еңбексіз өтер өмір де бір,Ерте келген өлім де бір.
Еңбек ете білмеген иелік ете білмейді.
Бiр тауды төңкеретiн де бар, Бiр дәндi зiл көретiн де бар.
Адамдардың адамгершілік қасиеттері еңбекке қатысынан білінеді. Біреулер бар кішкентай..
©  Гүлтас Құрманбай
Адал еңбек елдің досы,
Бақ іздеудің жолы осы.
©  Кенен Әзірбаев
Беделің-сәулетің,Еңбегің-дәулетің.
Адам өзін еңбектен қалдырмағаны,Қарттыққа аяғын алдырмағаны. 
©  Ыбырай Жақаев
Бір кісі қазған құдықтан 
Мың кісі су ішеді. 
Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
Босқа жүргенше, тегін еңбектен — үйренгенің олжа.
Ойлы адамға қызық жоқ бұл жалғанда
Аянбай еңбек ет,еңбегің еш кетпес.
Бағбан еңбектің қиыншылығын көрмесе,
Жұрт жемістің дәмін татпас еді.
Емнің алды – еңбек.
Еңбекқор
Ұйқыдан ширап тұрады.
Ерiншек
Ұйқыдан қирап тұрады.
Еңбек деген байлық бар ерінбеген жететін,
Жоқшылық пен кесірді жермен – жексен ететін.