Еңбек туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 295
Жұмбақтар: 5
Тақпақтар: 46
Өлеңдер: 131
Жаңылтпаштар: 8
Нақыл сөздер: 148
Құттықтау, тілектер: 33
Туындылар: 3
Әңгімелер: 19
Ертегілер: 2
Поэмалар: 1
Шығармалар: 6
Эсселер: 5

Мал өсірсең мол өсір,
Кеңейтеді пейіліңді.
Еңбек етсең — көл көсір
Қандырады мейіріңді.
Егіздетіп төл өседі,
Еңбек етіп, ер өседі.
Күн шыққан соң суарған суды
Күн жұтады,
Күн батқан соң суарған суды
Жер жұтады.
Еңбек қылмай ер оңбас,
Бірлік қылмай ел оңбас.
Еңбексіз өмір жоқ,
Ауырсыз жеңіл жоқ.
Күшіңе сенбе, ісіңе сен.
Жылай-жылай арық қазсаң,
Күле-күле су ішерсің.
Қолы қимылдаған адамға,
Кедейлік жоқ.
Аяғы қимылдаған адамға,
Алыстық жоқ.
Азығымен жер мүсінді,
Еңбегімен ер мүсінді.
Еңбексіз өмір – сөнген көмір.
Еңбек ептілікті сүйеді.
Ексең егін,
Ішерсің тегін.
Еңбек - адамның екінші анасы.
Еңбек ет те, мақтан, ойнап күл де, шаттан.
Адал еңбек, алғыр ой - анық досың біліп қой.
Еңбек түбі - береке.
Еңбексіз өнбек жоқ.
Жалқаудың жаны тәтті,
Еңбектің дәмі тәтті.
Ер дәулеті — еңбек.
Білім алып құрасын,
Еңбек етіп сұрасын.