Өмір туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 245
Жұмбақтар: 2
Тақпақтар: 15
Өлеңдер: 1679
Нақыл сөздер: 508
Құттықтау, тілектер: 1
Туындылар: 7
Әңгімелер: 71
Ертегілер: 5
Поэмалар: 4
Шығармалар: 11
Анекдот, әзілдер: 5
Аңыздар: 2
Эсселер: 12

Ойлы адамға қызық жоқ бұл жалғанда
Білім ал, ол өмірдің жолын ашар,
Кісіден білім білген бәле қашар.
Жеңіл жол тұйыққа тірейді.
Бұл жалғанды бұзатын — арсыз адам.
Бұл өмірге келген соң, жақсылық қыл,
Жаман істі жамандарға ғана қалдыр.
Бұл өмірдегі ең соңғы баратын жер — көр.
Бұл өмірдің балында ара бар, сақтан.
Бұл тіршілік тек қана ішіп-жеу үшін берілмеген.
Бос жіберме өміріңді, шалып қал,
Кетер күннен керегіңді алып қал.
Баянсыз өмір өтті боран, желдей,
Фәнилік басып алды аққан селдей.
Бек тәтті өмірді сүйсе,
Елдің күні қараңғы.
Әкеңді қартайса да, қадірлеп тұр,
Өміріңше оны тіпті ренжітпе.
Әділ өмірді адал адам ғана сүре алады.
Ашу, қаһар асығыс іс қылдырар,
Онда өмірің зая кетер, құлдырар.
Атың жаман болса,
Арманың кетер.
Балаң жаман болса,
Пәрменің кетер.
Жылай-жылай өмірің өтер.
Атың өтімді болса,
Өмірің татымды болады.
Ақылды адам өмір сүру үшін ішіп-жейді,
Ақымақ күнде ішіп-жеу үшін өмір сүреді.
Аз өмір сабырмен өтеді,
Ақсақ үйіне асықпай жетеді.
Азаматтық жасай алмаған адам—
Бұл өмірге келмеген адаммен бірдей.
Тыста ұзақ жүргенің –
Ұзақ өмір сүргенің.
Адам өмірі қылдан да жіңішке.
Адам бір оқтық, өлтіру оңай,
Бірақ мың адам бір адамды тірілте алмайды.
Адам емес, мәңгі өлмейтін — атағы,
Өмір-бақи жасайды ғой ол тағы.
Адал іс істесең, адал боп өсесің,
Ақылды іс істесең, өміріңе құт,
Қиын іс бітірсең, өмір бойы қорықпайсың.
Сусыз өмір - тұзсыз аспен тең.