Өнер туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 169
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 9
Өлеңдер: 165
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 119
Құттықтау, тілектер: 1
Туындылар: 2
Әңгімелер: 28
Ертегілер: 4
Шығармалар: 3
Аңыздар: 3
Эсселер: 1

Істің көзін таппағанның
Күші зая,
Еңбегі ештің
Істеген ісі зая.
Көзсіз жұмсаған — күш арам,
Көріксіз істелген — іс арам.
Ерінбеген етікші болады,
Ұялмаған өлеңші болады.
Шаштараз сақал түзетер,
Өнерпаз шаһар түзетер.
Оймақ пішсең де,
Ойлап піш.
Әр нәрсеге асық болғанша,
Бір нәрсеге машық бол.
Жұмыс қылып бой түзе.
Өнер қуып ой түзе.
Көлеңкеге қарап көйлек пішпес болар.
Өнерліге есік ашық.
Киім пішсең кең піш,
Тарылтуың оңай.
Темір кессең қысқа кес,
Ұзартуың оңай.
Қолы білген құм үстінен кеме жүргізер.
Қыз еркем кестесімен көркем,
Ұл еркем өнерімен көркем.
Жігіт адамға жетпіс өнер де аз.
Өнерлінің өзегі талмас.
Өнер - мінсең ат, ұшсаң - қанат, кисең - жанат, ішсең - тамақ
Ата өнері - балаға мұра.
Өнер алды - бірлік, ырыс алды - тірлік.
Білім таппай мақтанба,
Өнер таппай баптанба.
Өнер - ағып жатқан бұлақ,
Ілім - жанып тұрған шырақ.