Білім туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 214
Жұмбақтар: 8
Тақпақтар: 37
Өлеңдер: 112
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 222
Құттықтау, тілектер: 1
Туындылар: 3
Әңгімелер: 19
Шығармалар: 8
Анекдот, әзілдер: 2
Эсселер: 8

Кітап – алтын қазына.
Ақыл – тозбайтын тон,
Білім – таусылмайтын кен.
Білім – арзан, білу - қымбат.
Оқу – білім азығы,
Білім – өмір шырағы.
Оқу – білім бұлағы,
Білім – өмір шырағы.
Шәкіртсіз ұстаз – тұл.
Білім - елге,
Су - жерге.
Білімдіден шыққан сөз - талаптыға болсын кез.
Білімнен қымбат досың жоқ,
Аурудан бетер қасың жоқ.
Қына тастан шығады,
Өнер, білім жастан шығады.
Түстік өмірің болса,
Кештік білім жи.
Кісінің кісілігі,
Киімінде емес, білімінде.
Білек сүріндіре алмағанды,
Білім сүріндіреді.
Білегіңе сенбе, біліміңе сен.
Білімі жоқ ұл – жұпары жоқ гүл.
Жер – ырыстың кіндігі,
Білім – ырыстың тізгіні.
Білмегеніңнен емес, үйренбей жүруіңнен қорқ.
Ұстаз тек есікті көрсетеді, әрі қарай өзің барасың.
Білім көп орын алмайды.
Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.
Есеп білген ұтылмас.
Білім - бұлақ,
Ақыл - жағалай біткен құрақ.
Ақыл азбайды,
Білім тозбайды.
Қой асығы демей-ақ
Қолыңа толса, сақа тұт,
Жасы кіші демей-ақ
Ақылы асса, аға тұт.
Қарғыстың ең жаманы:
Өзің білме, білгеннің тілін алма.