Білім туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 214
Жұмбақтар: 8
Тақпақтар: 37
Өлеңдер: 112
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 222
Құттықтау, тілектер: 1
Туындылар: 3
Әңгімелер: 19
Шығармалар: 8
Анекдот, әзілдер: 2
Эсселер: 8

Жалғыз шала жанбайды,
Шала оқыған оңбайды.
Азынаған аязда,
Шапаныңнан тон артық.
Шала оқыған сабаздан
Көпті түйген көне артық.
Аға —
Еңбекпен көркем.
Бала —
Біліммен көркем.
Көп жасаған білмейді,
Көп көрген біледі.
Көп көрген білмейді,
Көп түйген біледі.
Өнер — қанат,
Білім — сағат.
Әліппенің ар жағы — білім бағы.
Сиырдың сүті — тілінде,
Жігіттің құты — білімде.
Еңбек ердің — санаты,
Білім ердің — қанаты.
Кітап — білім бұлағы,
Білім — өмір шырағы!
Кітап оқығандікі,
Білім тоқығандікі.
Көп оқыған білмейді,
Көп тоқыған біледі.
Талап — тұлпар,
Білім — сұңқар.
Білімі жоқ — ұл,
Жұпары жоқ — гүл.
Білгенге сүйін,
Білмегенге күйін.
Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
Күш — білімде,
Білім — кітапта.
Көрмегенге көсеу таң.
Болат біз — қап түбінде жатпас.
Көп сөйлеген білімді емес,
Дөп сөйлеген білімді.
Бойдағы білім шын зейнет,
Жұмсағанмен таусылмас.
Жинаған мал құр бейнет,
Біріне бірі қосылмас.
Оқыған қара суды теріс ағызар,
Ошаққа қара тастан май тамызар.
Аңғырт — айтпасаң білмес,
Ашпасаң көрмес.
Ырыс ауысады,
Білім жұғысады.
Шам жарығы түбіне түспейді.
Киіміне қарап, қарсы алады,
Біліміне қарап шығарып салады.