Білім туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 214
Жұмбақтар: 8
Тақпақтар: 37
Өлеңдер: 112
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 222
Құттықтау, тілектер: 1
Туындылар: 3
Әңгімелер: 19
Шығармалар: 8
Анекдот, әзілдер: 2
Эсселер: 8

Мылтық марқаймайды,
Білім қартаймайды.
Көп білу – тоқ жүру.
Ілім іштегі нұр,
Өнер сыртқа салынған түр.
Оқи берсең көзің ашылады,
Отыра берсең жалқаулық басынады.
Өз бiлмегенiңдi кiсiден сұра,
Үлкен болмаса кiшiден сұра.
Өнер ағып жатқан бұлақ,
Ілім жанып тұрған шырақ.
Оқымаған бiр бала,
Оқыса екi бала.
Бай болмасаң, бай болма,
Білім-өнерге сай бол.
Көргеннен бiлмегенiң көп.
Бiлгеннен бiлмегенiң көп.
Көргенсiз дегенге ашуланба,
Көрмей бiлмессiң.
Бұрынғыны айтпай,
Соңғы еске түспейдi.
Бiлiм алып құрасын,
Еңбек етiп сұрасын.
Адасқанның артындағысы бiледi.
Жаңылғанның жанындағысы бiледi.
Бiлiм ауысады,
Ырыс жұғысады.
Бiлгеннен де өтер,
Бiлмегеннен де өтер.
Бiреу бiлмегендi, бiреу бiлер,
Бiреу жылайтынға, бiреу күлер.
Туа бiлмейдi, жүре бiледi.
Бiлiктi бiрдi жығар,
Бiлiмдi мыңды жығар.
Бiлiмдi өлсе,
Қағазда аты қалар,
Ұста өлсе,
Iстеген заты қалар.
Жасыңда алған білімің,
Тасқа басқан таңбадай.
Көп көрген үйренеді,
Көп білген сый көреді.
Ақыл, ой, білім - әр адамның сәулеті.
Іссіз тұрған білімді жаңбырсыз бұлттай.
Ақыл мен білімнің тілмашы тіл.
Жердің сәні егін, ердің сәні білім.