Білім туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 214
Жұмбақтар: 8
Тақпақтар: 37
Өлеңдер: 112
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 222
Құттықтау, тілектер: 1
Туындылар: 3
Әңгімелер: 19
Шығармалар: 8
Анекдот, әзілдер: 2
Эсселер: 8

Қатты жерге егін шықпас,Қаңғыған басқа білім жұқпас. 
 Белгісі болса, жолдан жаңылмас, Білімі болса сөзден жаңылмас.
* Сіз жолынан, сөзінен жаңылмаған жанды кездестірдіңіз бе?
* Білім туралы..
©  Гүлтас Құрманбай
Білімнен асар байлық жоқ.
Білім шексіз екен деп түңілме,Мінім елеусіз екен деп бүлінбе.
Пірің көп болғанша,Білімің көп болсын.
Әділ бидің кегі жоқ,Білімдінің кемі жоқ. 
©  Қазақтың би-шешендері
Білікті кісі тәнінен ет сыдыртып,
Біліммен жанын семіртер.
Білім — байлық таусылмайтын, бітпейтін,
Ұры-қары, қу жоқ оны үптейтін.
Білім — иесінің дәулеті, білімді қайда барса да,
Алдына алтын тартылады.
Білім — таусылмайтын байлық.
Білім ал, ол өмірдің жолын ашар,
Кісіден білім білген бәле қашар.
Білім болса, бектер биік заңғар-ды,
Жақсы атанып, ашар ізгі заңдарды.
Білім білген пілге мінер,
Білім білмеген көрге түсер.
Білім — малы жоққа түгесілмес мал,
Қаржысы жоққа — таусылмас қаржы.
Білім мен ізгілік қана мұратқа жеткізеді.
Білім өз иесін білдіріп тұрады.
Білім сананы ағартады.
Білімдар жанның ізін кес.
Білімдар нәпсі, тілді түзетеді,
Екеуін еркі жетіп күзетеді.
Біліксіз адам майы жоқ жілік сияқты бос қуыс болады.
Біліксіз бас майсыз жілік сияқты көдек келеді.
Біліксіз биік болса дәулетімен,
Білікті биігірек сәулетімен.
Біліксіз досыңнан,
Білекті дұшпан артық.
Біліксіз кісі ауру іспетті,
Ауруды емдемесе, тез өледі.
Біліксіз қайыр әкелмейді.