Ер туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 389
Жұмбақтар: 3
Тақпақтар: 3
Өлеңдер: 144
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 55
Туындылар: 1
Әңгімелер: 12
Ертегілер: 1
Шығармалар: 4
Анекдот, әзілдер: 1
Аңыздар: 8
Эсселер: 4

Шөбі жоқ деп жерден түңілме,
Мал бітпес деп ерден түңілме.
Ерді еңбек жеткізер.
Ердің атын еңбек шығарады.
Біткен істің міні жоқ,
Бітірген ердің кемі жоқ.
Ерді көрсең қыдыр тұт,
Асты көрсең қадыр тұт.
Жалынған қорған емес,
Жағалаған қорған.
Кебенек киген келеді,
Кебін киген келмейді.
Жақсы аттың жалын сақтағанша,
Жақсы ердің көңілін сақта.
Қауғадан шошынған мал оңбас,
Жаудан шошынған ер оңбас.
Өзің өлсең өл,
Жолдасыңды жауға берме.
Таспа, тасыған су да қайтар.
Батырдың қаһары - еліне қорған.
Жүректе қаһар жалындаса,
Бойда қайрат арындар.
Ұланы бар елдің ұраны бар.
Елін сүйген ер болар.
Ер сыншысы - елі.
Ер талабы ертеңгі мегзер.
Бір оқты бұлан көтереді,
Екі оқты ұлан көтереді.
Адаспаймын деген ер,
Тал түсте жолдан адасады.
Батыр ортақ, ер ортақ,
Күн ортақ, ай ортақ.
Палуанға оң-терісі бірдей.
Жүкті нар көтерер,
Қайғыны ер көтерер.
Ер өлсе де, аты өлмейді.
Ер аруағы - қаруы.
Ер бір рет өледі,
Қорқақ мың рет өледі.