Ер туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 389
Жұмбақтар: 3
Тақпақтар: 3
Өлеңдер: 144
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 55
Туындылар: 1
Әңгімелер: 12
Ертегілер: 1
Шығармалар: 4
Анекдот, әзілдер: 1
Аңыздар: 8
Эсселер: 4

Ел ебелек емес,
Ер көбелек емес.
Айбынды салтын ел бұзбас,
Адамдық антын ер бұзбас.
Еменнің майысқаны сынғаны,
Ердің қайысқаны - өлгені.
Тайсалу ердің ісі емес,
Жұмсай білгенге қару кіші емес.
Ер екі өлмейді, бір өледі,
Қорқақ шіркін күнде өледі.
Қанды соғыс ерге сын,
Қаптаған жау елге сын.
Елдің көркі - ерімен,
Отан көркі - жерімен.
Ер көретінін көрмей
Көрге кірмейді.
Қалы кілем түрге керек,
Алмас қылыш ерге керек.
Ақыңды ер жемейді,
Екінші - жер жемейді.
Ердің жақсысы
Елімен ойласады,
Әйелдің жақсысы
Ерімен ойласады.
Ең болмаса,
Жаулығымен, жеңімен ойласады.
Қайраны жоқ көлден без,
Қайырымы жоқ ерден без.
Тауға сүйенген ер
Таудай жауды жығады.
Жерден жердің несі кем? -
Егін шықса, гүл өссе.
Ерден ердің несі кем
Уәдесін үде етсе.
Денсаулық ғаныбет,
Сырқаулыға болмаса.
Ер жолдасы - қатыны,
Ақ жаулығы болмаса.
Ерге берсең асыңды,
Ерлер сыйлар басыңды.
Ердің күйін сұрама,
Жұрттан сауын сауған соң.
Малдың күйін сұрама,
Қоынысынан ауған соң.
Ер жігіт үш ақ үй тігеді
Үш қара үй тігеді.
Ер көрмейін деген жерін,
Үш көреді,
Ат баспаймын деген жерін,
Үш басады.
Уайым - ердің қорғаны.
Ылдыйсыз өр болмайды,
Қапысын таппас ер болмайды.
Батыр мың қол бастайды.
Шешен тар жерде сөз бастайды.
Ер жігіт бір күнде бір кісілік,
Бір күнде мың кісілік.
Төске айылдың батқанын
Иесі білмес, аты білер;
Ер жігіттің қадірін
Ағайын білмес, жат білер.
Ел - ырыстың кілті,
Ер - ырыстың қорғаны.