Ер туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 389
Жұмбақтар: 3
Тақпақтар: 3
Өлеңдер: 144
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 55
Туындылар: 1
Әңгімелер: 12
Ертегілер: 1
Шығармалар: 4
Анекдот, әзілдер: 1
Аңыздар: 8
Эсселер: 4

Азат жанды құл қылайын десеңіз,
Шүлен тарат, қайтар содан есеңіз.
«Жомарт» ат берген ерге тағылады,
Ел-жұрты соған қарай ағылады.
Өзін-өзі білген ер бақытты,
Өзін-өзі билеген ел бақытты.
Жаман ерге мал бітсе,
Жанына қоңсы қондырмас.
Қатыны ерге қарайды,
Ері жерге қарайды.
Ер аштан өлмейді,
Намыстан өледі.
Ерегістен ер өледі.
Ер — әлімен,
Жер — кенімен.
Ер еңбегін жер жұтпайды.
Жалғыз аттың шаңы шықпайды,
Жалғыз ердің даңқы шықпайды.
Ер қатесіз болмайды,
Көл бақасыз болмайды.
Алған ері жарасса,
Қара қатын ақ болар.
Ер көрге де күліп кіреді.
Әйелі жақсы болса,
Ері де керім.
Асыққан қыз ерге жетпес,
Ерге жетсе, етек-жеңі жерге жетпес.
Ері өліп, ерге тигенді сынама,
Ері тұрып, ерге тигенді қарала.
Ері өліп ерге тиген қатын – келіншек.
Ат ерінді келеді,
Ер мұрынды келеді.
Байы мешкей болса, үйге тартады,
Әйелі мешкей болса, үйді құртады.
Арқасыз ат қыр аса алмайды,
Арқасыз ер бір баса алмайды.
Ері өліп ерге тисе – елдің жорасы,
Ері тұрып ерге тисе – беттің қарасы.
Ерін баққан әйел елін де бағады.
Ерге жаққан қатын елге де жағады.
Елді қорғайтын – ерлер,
Ерлерді тәрбиелейтін – әйелдер.
Өзіңді ер білсең,
Өзгені шер біл.
Жаман ерден жайдағым жақсы,
Жаман қатыннан бойдағым жақсы.