Жау туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 167
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 129
Нақыл сөздер: 66
Әңгімелер: 5
Аңыздар: 2

Тілің бар болса,
Жауым жоқ деме
Тамырың бар болса,
Дауым жоқ деме.
Мың жаудан бір жансыз жаман.
Үйреніскен жау атыспаққа жақсы.
Жауды аяған-жаралы.
Кезенген жаудың көзінен сақтан,
Сойқанды сұмның сөзінен сақтан.
Жау жоқ деме
Жар астында,
Бөрі жоқ деме
Бөрік астында.
Жыланның уы басында,
Бейқамның жауы қасында.
Жарақтыда жау жолықпас.
Би жаманы дауға алдырады,
Жігіт жаманы жауға алдырады.
Қайта жауған қар жаман,
Қайта шапқан жау жаман.
Жеріне қарай — жыланы,
Жауына қарай— құланы.
Жауға жалынба, досқа тарылма.
Қашқан жауға қатын да ер.
Жау жоқта жарақ көп,
Жау келгенде таяқ та табылмас.
Даттаушы түгел жау емес,
Мақтаушы түгел ел емес.
Аянбаған жауды алар
Абайлаған дауды алар.
Орағың өткір болса, қарың талмайды,
Отаның берік болса, жауың алмайды.