Жау туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 167
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 129
Нақыл сөздер: 66
Әңгімелер: 5
Аңыздар: 2

Гүрілдеп келген жаудан
Күлімдеп келген жау жаман.
Жауға барсаң, бәрің бар,
Дауға барсаң, бірің бар.
Үндемесең, дау алар,
Жата берсең, жау алар.
Жауыннан қашқан жарға паналар,
Жаудан қашқан қайда паналар.
Жау жағадан алғанда,
Бөрі етектен алады.
Жауды санап соғыспайды,
Қойды санап тоғытпайды.
Тауды биік демеңдер,
Талаптансаң шығарсың.
Жауды мықты демеңдер,
Жарақтансаң жығарсың.
Даудың жолына түспе,
Жаудың қолына түспе.
Жаудан жер де жиренеді.
Ерді тасқанда көр,
Жауды қашқанда көр.
Өз басыңды дауға берсең де,
Жолдасыңды жауға берме.
Бақ келді деп таспа,
Жау келді деп саспа.
Жел тұрды десе,
Үйіңе арқан сал.
Жау келді десе,
Қарыңа қалқан ал.
Жауға жаның берсең де
Сырыңды берме.
Өзі істеген өкінбес,
Жаудан қорқып бекінбес.
Іргесі берік елді
Жау ала алмас,
Ауызы бір елді
Дау ала алмас.
Аңдысқан жау алмай қоймас.
Жауға жақсылық қылма,
Жақынға тапшылық қылма.
Жауда да бір үйің болсын.
Аталы жау дос болмас.
Қорқақ жауды басындырады,
Досты ашындырады.
Ежелгі жау ел болмайды.
Жалған достан — жау артық.
Көптеген жау алады,
Көмектескен дау алады.
Үш нәрсенің алдын ал:
Аурудың алдын ал,
Жаудың алдын ал,
Қайта қозған даудың алдынал.