Жау туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 167
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 129
Нақыл сөздер: 66
Әңгімелер: 5
Аңыздар: 2

Алға да бас, кейін де шегін -
Айламен үз жаудың белін.
Жаудың жанды жерін жете білмесең,
Жағасын жырта алмайсың.
Жолдасы жақсы жауға алдырмайды,
Қара басын дауға қалдырмайды.
Түн соғыста дем алатын мезгіл емес,
Жаудан кек алатын мезгіл.
Таяқтан тайсалмасаң,
Семсерден сескенбесең,
Жауды жеңдім дей бер.
Досыңнан сырыңды жасырма,
Жауыңды басыңнан асырма.
Жауға жарақсыз барма,
Қаруыңды күтпей қапы қалма.
Бесатар белдескенде не керек.
Алыстан жаумен тілдескенде де керек.
Жаудыра атсаң жауға жақындайсың.
Алыстан көрсең алдырмайсың,
Досыңды жауға қалдырмайсың.
Қараңғы түнде құлағыңды түр,
Аңдысқан жаудыбұрын біл.
Шалғыншы болсаң, болжай біл,
Арбасқан жауды алдай біл.
Күн райын тоққа санама,
Жасырын жауды жоққа санама.
Шалғыншың шалдырмаса,
Жауға алдырмайсың.
Қыздың ерлігі қырғында білінді,
Әйел демей алдына жауы жүгінді.
Батыр түсінде жау көреді,
Балықшы түсінде ау көреді.
Күзетте қалғып көзің ілінсе,
Жаудың қармағына өзің ілінесің.
Қанды соғыс ерге сын,
Қаптаған жау елге сын.
Қорықсаң құның болмайды,
Жауды жеңбей тыным болмайды.
Тауға сүйенген ер
Таудай жауды жығады.
Табанды тауды жығады,
Тайсалмаған жауды жығады.
Батырға оқ дарымайды,
Батылға жау жоламайды.
Жауға аттанар жігіт, төл атын мінеді.
Қылышыңды жауға шаппасаң,
Жүзі тиер өзіңе, ұшы тиер көзіңе.
Жауды қара қашырды,
Батыр атақ Барақта қалды.