Жау туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 167
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 129
Нақыл сөздер: 66
Әңгімелер: 5
Аңыздар: 2

Жауды өлтірсең - өлімнен құтылдың,
Өлтірмесең – өлімге тұтылдың.
©  Бауыржан Момышұлы
Жаныңнан күдер үзе соғыспасаң,
Жауды күйрете алмайсың
©  Бауыржан Момышұлы
Сен жаудан қашсаң, өмір сенен қашады.
©  Бауыржан Момышұлы
Бүгін атар оғың болса,
Ертең жауың оқ ата алмайтындай қыл.
Басыңа іс түссе, билігің зая,
Үстіңнен жау түссе, ерлігің зая.
Бақ-бақ еткен текені қар жауғанда көрерміз,
Батырсынған жігітті жау келгенде көрерміз,
Шешенсінген жігітті дау келгенде көрерміз.
Атаның малын жау шапса, бірге шап.
Ат, атаның сай болса,
Қашсаң, жаудан кетерсің.
Кетпен, шотың сай болса,
Қазсаң, суға жетерсің.
Арпасыз ат қыр аспас,
Жәрдемсіз алып жау жеңбес.
Алып жауда көрінер,
Байсалды дауда көрінер.
«Аз екен» деп жауыңа мұрсат берме.
Жалғыз батыр жауға жоқ, жалғыз жігіт дауға жоқ.
Батырсынған жігітті жау келгенде көрерміз.
Жаман талқанның қызуымен-ақ жауға аттанады.
Жау аяған – жаралы,
Жары болар – қаралы.
Жаудың түбі – ел болар,
Таудың түбі – бел болар.
Жау қашқанда батыр көбейеді.
Үлкенмен бала дауласпас,
Қырғи мен сұңқар жауласпас.
Батыр жауда сыналады,
Дана дауда сыналады.
Кешке бұлт қызарса,
Қатыны ұл табар.
Таңда бұлт қызарса,
Ауылын жау шабар.
Жауыңның семіз етінің сорпасынан,
Жақыныңның тортасы артық.
Босап қайтқан уысым –
Жауымнан бетер туысым.
Тауықтың жауы – қауырсыны.
Жауың тышқан болса,
Арыстан деп қара.
Қашқан жаудың олжасы -
Жолда қалған.