Қадір туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 42
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 58
Нақыл сөздер: 33
Туындылар: 8
Әңгімелер: 12
Шығармалар: 1
Эсселер: 1

Өлген соң арыстаннан тышқан артық,
Қадір білмес досыңнан дұшпан артық.
Жер қадірін ел біледі,
Ел қадірін ер біледі.
Ат қадірін білмесең,
Жаяушылық көрерсің.
Ас қадірін білмесең,
Ашаршылық көрерсің.
Бала қадірін балалы болғанда білерсің.
Қонған жердің қадірін көшкенде білерсің.
Жолсыз жүріп торыққан
Жол қадірін біледі.
Жалғыз жүріп зарыққан
Ел қадірін біледі.
Аздың қадірін білмеген
Көптің қадірін қайтіп білмес.
Сара жолдың қадірін
Адасқанда білерсің.
Қарындастың қадірін
Қарасқанда білерсің.
Әкенің қадірін,
Балалы болғанда білерсің.
Қадіріңді білгің келсе,
Көршіңнен қарыз сұра.
Тұлпардың қадірін
Желгенде білерсің,
Жақсының қадірін
Өлгенде білерсің.
Ел қадірін көрген біледі,
Жер қадірін жүрген біледі.
Жақсының қадірін жақсы білер.
Ер қадірін ер білер,
Зер қадірін зергер білер.
Қолдағының құны жоқ.
Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің.
Отан қадіріне жетпеген
Өз қадіріне жетпейді.