Су туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 9
Мақал-мәтелдер: 222
Жұмбақтар: 43
Тақпақтар: 10
Өлеңдер: 156
Жаңылтпаштар: 7
Нақыл сөздер: 38
Туындылар: 2
Әңгімелер: 19
Ертегілер: 4
Анекдот, әзілдер: 4
Аңыздар: 5
Эсселер: 1

Ақ шалаға көрінді –
Алыс емес су жақын.
Тасты тесетін судың күші емес, тамшылардың тұрақтылығы.
Арық қазбасаң су келмейді.
Сыйлап берген су да тәтті.
От пен су — тілсіз жау.
Ит аузы тигенмен
Дария суы арам болмас.
Судың жолын құм бөгер,
Ердің жолын сұм бөгер.
Судан тонын аямаған,
Жаудан жанын аямас.
Шешінген судан тайынбас.
Қасында қара көп болса,
Нөкер емей немене?
Шөлдегенде ішкен су
Шекер емей немене?
Ат жалынан тапқан мал
Бекер емей немене?
Терең құдықтың суы тәтті.
Ақылы аздың — ашуы көп,
Таяз судың тасуы көп.
Су түбіне жетпейсің
Бойлағанмен,
Ой түбіне жетпейсің
Ойлағанмен.
Жер - қазына,
Су - алтын.
Білім - елге,
Су - жерге.
Ел ағасыз болмас,
Су сағасыз болмас.
Жаман жаңбыр жаумай су болады.
Сөз анасы — құлақ
Жол анасы — тұяқ.
Су анасы — бұлақ.
Көз анасы — шырақ.
Су да ылдиға ағады,
Кішіпейілділік адамға жағады.
Ұқпас құлаққа айтқан сөз,
Оқпанға құйған сумен тең.
Су сағасы — бұлақ,
Сөз сағасы — құлақ.
Суды ішім тоқтатар,
Сөзді шын тоқтатар.
Суды шым бөгейді,
Дауды қыз бөгейді.
Аға ішкен бұлақтан,
Іні де су ішеді.
Ерінбеген, елекпен су ішеді.