Ел туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 492
Тақпақтар: 29
Өлеңдер: 590
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 119
Құттықтау, тілектер: 1
Баталар: 5
Әңгімелер: 37
Ертегілер: 3
Поэмалар: 6
Шығармалар: 13
Аңыздар: 1
Эсселер: 11

Әдепсіз үйге кірме, әкімсіз елде тұрма.
Өз елін танымаған елге би болмас.
Ел қонбай, ит тынбас.
Ел-елдің заңы басқа,
Иті қара-қасқа.
Елуінде — ер дана,
Елуінде — ел жаңа.
Қара қайсы, хан қайсы,
Елді ойлаған жан қайсы.
Елін сатып асаған,
Екі күн ғана жасаған.
Еңбек — ердің көркі,
Ер — елдің көркі.
Көшпелі елдің қоры болғанша,
Егінші елдің зоры бол.
Жанжалды елге жақын қонба,
Оқпанды жерге егін салма.
Еңбегіңнен ел таныр.
Жаңбырменен жер көгерер,
Еңбекпенен ел көгерер.
Батырдың қаһары - еліне қорған.
Ерлік - ел есінде.
Еліне сенген еңкеймейді.
Елін сүйген ер болар.
Ер сыншысы - елі.
Өз елімнің басы болмасам да,
Сайының тасы болайын.
Ел қариясы - ел қазынасы.
Елінен безген оңбайды,
Көлінен безген қонбайды.
Құлан кісінесе үйір жиналар.
Ел барда, ер қор болмас,
Ер барда, ел қор болмас.
Ер салмағын ел көтереді,
Ел салмағын жер көтереді.
Ерді ел теңгерер.
Елің - панаң,
Жерің - анаң.