Ел туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 492
Тақпақтар: 29
Өлеңдер: 590
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 119
Құттықтау, тілектер: 1
Баталар: 4
Әңгімелер: 37
Ертегілер: 3
Поэмалар: 6
Шығармалар: 13
Аңыздар: 1
Эсселер: 11

Арқа сүйер елің болсын,Аунап жатар жерің болсын.Алысып ойнар теңің болсын,Сүңгіп бойлар көлің болсын. 
Елдің көркі — жастық,Жердің көркі — астық. 
Елге мал көптік қылмайды,Жерге тал көптік қылмайды.Тарыға май көптік қылмайды,Күрішке су көптік қылмайды. 
Ер елдің көркі,Орман, тоғай — жердің көркі. 
Жерді теппе,Елді сөкпе. 
Елге сыймаған —Жерге сыймайды. 
Құс қонбаған көл жетім,Ел қонбаған жер жетім. 
Құс қонбаған көл жетім,Ел қонбаған жер жетім. 
Жер жарасты көрінерӨзені мен көлімен,Ел жарасты көрінерЕңбегі жанған ерімен. 
Бақыт бесігі — ел,Ырыс есігі — жер. 
Жердің тілін білсең,Тілдей жерден жылдық өнім аларсың.Елдің тілін білсең,Елге сыйлы боп жағарсың. 
Басыңды көтеріп елден сұрағанша,Басыңды иіп жерден сұра. 
Ет жаманы — көмекей,Ел жаманы — шөмекей.
Жерін қорлағанЖеріне сыймайды.Елін қорлағанЕліне сыймайды. 
Жер — адамның бесігі.Ел — бақыттың есігі. 
ЕЛУ ЖЫЛДА ЕЛ ЖАҢА, ЖҮЗ ЖЫЛДА ЖЕР ЖАҢА
Бұл мақал ел ішінде «Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан» деп қолданылады.Әдетте мақалдың логикалық қисыны, пайымы кемел болады. Мұнда соның көлеңкесі..
©  Төрехан МАЙБАС
ТарылыЕлге барсаң,Жарма жерсің,Балықты елге барсаң,Қарма жерсің. 
Жердің көркі:Орман, тоғай, бұлағы,Елдің көркі:Қала, қыстақ тұрағы. 
Жер —ана,Ел — бала. 
Жер байлықтың көзі,Еңбеккер иесінің өзі. 
  Өз елімнің басы болмасам да, Сайының тасы болайын.

Туған жерге деген перзенттік парызды адам әкім болса да, қарапайым жұмыскер болса да..
©  Гүлтас Құрманбай
 Ер салмағын ел көтереді, Ел салмағын жер көтереді.

Ел мен жер туралы сіз не ойлайсыз?
Елге салмақ салмай, ауырын жеңілдетуге, қауымын..
©  Гүлтас Құрманбай
  Елiңдi жек көрсең, Елге қайтiп сиярсың. Жерiңдi жек көрсең, Көрге қайтiп сиярсың.

Мақалды жаттап алып, мәніне көңіл аударыңыз. Ойланып..
©  Гүлтас Құрманбай
 Жеті атасын білмеген – ұл жетесіз, Жеті ғасыр тарихын білмеген – ел жетесіз.
 
Жеті саны қазақ үшін киелі сандардың бірі...
©  Гүлтас Құрманбай
Ерін сатқаныңЕлін сатқаның.