Жер туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 202
Жұмбақтар: 28
Тақпақтар: 17
Өлеңдер: 437
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 43
Баталар: 2
Туындылар: 2
Әңгімелер: 30
Ертегілер: 1
Поэмалар: 5
Шығармалар: 1
Аңыздар: 4
Эсселер: 1

Аспанға ай мен күн екеуі де сияды,
Жердегі бір елге екі әкім сыймайды.
Аспаннан не түспейді,
Жер нені көтермейді.
Алтынның шыққан жерін белден қаз.
Алтын — жай тас, босқа жатқан жердегі,
Қазып алса — бек тәжінің өрнегі.
Жеріне қарай бұланы, тауына қарай қыраны.
Ұлтарақтай болса да
Ата қоныс жер қымбат.
Ат төбелiндей болса да
Туып-өскен ел қымбат.
Ағаш бір жерде көгереді.
Аспандағы бұлтқа қарама,
Жердегі жұртқа қара.
Су – диханның қаны.
Жер - қолыңдағы наның.
Арадай жерге,
Шарадай жиын.
Ер — әлімен,
Жер — кенімен.
Ер еңбегін жер жұтпайды.
Желекті жерде шелек бар.
Жер құлағы жеті жат.
Атың барда жер таны,
Атаң барда ел таны.
Мазасыз жерден май түсер.
Ұялғаннан қара жер қақ жарылар.
Жерде жатқан жұмыртқа,
Аспанда ұшар құс болар.
Көзіңді жерден көтерсең,
Кеудеңді де көтерерсің.
Қара жерден аппақ бидай өнеді.
Жер тауымен салмақты,
Ел қауымымен салмақты.
Жер тегіс болса,
Су сылдырап ақпас еді.
Жер – төсек,
Аспан – көрпе.
Жұдырық жиналса,
Жұмыр жерді де жорғалатады.
Алтын жерде жатпайды,
Жаман ұста суын таппайды.