Келін туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 3
Мақал-мәтелдер: 38
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 81
Нақыл сөздер: 6
Құттықтау, тілектер: 10
Баталар: 16
Туындылар: 1
Әңгімелер: 40
Поэмалар: 1
Анекдот, әзілдер: 7

Келіннің бетін кім бұрын ашса,
Сол ыстық.
Келін жаман емес, келген жері жаман.
Келін — келін, келін — бақ,
Келмей жатып, сөзін бақ.
Отқа келген келіннің
Отыз ауыз сөзі бар.
Келіннің сөзі кетпендей,
Баланың сөзі батпандай.
Баланың өзі болғандай,
Келіннің өзі келгендей.
Келіні жақсы үйдің —
Керегесі алтын.
Төркіні тентек келіннің
Тілі ұзын
Төркіні момын келіннің
Жібі ұзын.
Ұрысқақ болса, ұлың жау,
Керіскек болса, келін жау.
Өлген түйенің басымен
Тірі келінді қорқытпа.
Келінді келін демесең,
Жақсы болса өз қызың.
Күйеуді күйеу демесең,
Жақсы болса өз ұлың.
Әдепті келін - ауылдың көркі
Келінім, саған айтам,
Қызым, сен тыңда.