Қайғы туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 4
Мақал-мәтелдер: 44
Тақпақтар: 10
Өлеңдер: 207
Нақыл сөздер: 53
Туындылар: 2
Әңгімелер: 5
Поэмалар: 1
Эсселер: 1

Қайғысы жоқ адамға
Қара көже балмен тең.
Қайғысы көп адамға
Кең дүние жармен тең.
Қайғының қандай екенін
Қайғырғанда білерсің.
Қарындастың қандай екенін
Айырылғанда білерсің.
Рақат пен қайғы жолдас.
Қайғысыз, қара суға семіреді.
Қайғың болса,
Досыңа бар.
Қарныңашса,
Қосыңа бар.
Қайырсыз адам болмаса да,
Қайғысыз адам болмас.
Адамды қанағат аздырмайды,
Қайғы аздырады.
Адам қайғысы — заман қайғысы.
Қайғы басқан кісіге
Мамық төсек таспен тең.
Қайғысы жоқ кісіге
Екі аяғы атпен тең.
Қайғысыз адам болмайды,
Қапысыз қадам болмайды.
Сырқат тән жарасы,
Қайғы жан жарасы.
Жан ауырса тән азады,
Қайғы басса, жан азады.
Қайғы — қартайтады,
Қуаныш — марқайтады.
Өз басына іс түспеген,
Өзгенің қайғысын білмейді.
Қайғы деген жылан бар
Өзекті шағып, өртейтін.
Қас жақсының белгісі
Қайғысын жұртқа білгізбес.
Күйесіз қазан жоқ, қайғысыз адам жоқ.
Адам қатесіз болмас,
Көл бақасыз болмас.
Адам қайғысы - заман қайғысы.