Украин мақалы туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 59

Құшақ аш, теңіз, сақтан даҚұрбақа келе жатқанда.
Шабанға мініп жылағанша,Асауға мініп құла.
Жалпиған бұлт жауынға жарытпас.
Ет-жақын туысқанбыз;Күн астында ұлтарақ жайысқанбыз.
Бауырларым көп,Бас сұғарым жоқ.
Жарымес қатыннан жанжалшыл қатын артық.
Өгізбен ор қоянға жетем деме.
Үйдің тіреуі-еңбеккер қол.
Ақиқат апанға тықсаң да, жасырылмас.
Туған әкеңе де турасын айт.
Мұң батса, жүрек зарланар,Есті де мәңгіп сандалар.
Табақ тартқанға танауыңды шүйірме.
Тұңғиық су лайланбас.
Жақсыны жаман бұзады.
Мөлдір сулы бастаудыңЖолын қау шөп баспайды.
Бір қатын ойнаймын деп доңғалақпенШабаққа оралыпты қаңғалақтап.
Төбеде тұрсаң да-танауыңды шүйірме,Төменде тұрсаң да-тізе бүгіп, иілме.
Шалқақтаған қыз шашына ақ түскенше отырады.
Төренің иті де төреше үреді.
Иесі жоқ болса, есік те жылайды.
Естіге екі сөз де жетеді.
Қолы шебердің қары талмайды.
Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла.
Ақыл көптің азығы.
Қызыл етік те қысады.