Неміс мақалы туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 53

Ерте тұрғанның етегі алтынға толар.
Ұшып жүрген сауысқан үнемсіз қалмас.
Шаруаға жағар тауықшалқанға жұмыртқалайды.
Алушыға мың көз керек,Сатушыға бір көз керек.
Соқыр тауық та сепкенді тауып жейді.
Ақымақтық пен астамшылық ағайындас.
Көңіліңе жаққанды көргің келер.
Құдыретті әкімнің құрығы ұзын.
Қатал әміршінің үстемдігі ұзаққа бармас.
Жар таңдасаң көзіңе сенбе,Жұрттың айтқан сөзіне сен.
Ақылды саудагердің ақшасы базарда.
Төс болғанша, балға бол.
Оңбаған құс өз ұясына өзі саңғиды.
Жалғыз адам жұмақта да жабығады.
Шошқаға алтын жапсаң да-шошқа.
Жүніне қарай матасы,Теміріне қарай балтасы.
Біреу күн нұрына малынса,Біреу ай сәулесіне зәру.
Біреудің шаңырағына ақыл айта барма.
Кәрілік көрге сүйрер.
Қартайған уақытша үйленеді.
Жасты тартысқа сал,Кәріні айтысқа сал.
Кәрі ағаш сықырласа да сынбайды.
Қыраннан қыран туады,Жыланнан жылан туады.
Орын адам көркі емес, адам орын көркі.
Әке болдым деп мақтанба,Адам болдым деп шаттан.