Жақсы туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 340
Тақпақтар: 5
Өлеңдер: 70
Жаңылтпаштар: 5
Нақыл сөздер: 78
Құттықтау, тілектер: 15
Туындылар: 1
Әңгімелер: 10
Шығармалар: 1
Аңыздар: 1
Эсселер: 1

Қатын жақсы, ер жақсы.
Жақсы қатын жаман еркекті де адам етеді.
Ұлың өссе – ұлы жақсымен жақын бол,
Қызың өссе - қызы жақсымен сыйлас бол.
Көңіл жақсы болғаны – өмір жақсы болғаны.
Біреуден екеу жақсы,
Құр қолдан көсеу жақсы.
Адам жаманнан жиренбей,
Жақсыны үйренбейді.
Балаң жақсы болса —
Екі көздің шырағы.
Атың жақсы болса —
Бұл дүниенің пырағы.
Алған жарың жақсы болса —
Абыройыңның тұрағы.
Жайлауы жақсының
Әр бұтасының түбі бір кесек ет.
Арзан менен қымбаттың
Базар берер нарқы бар,
Жақсы менен жаманның
Адам берер парқы бар.
Жақсы келін — қызыңдай,
Жақсы күйеу — ұлыңдай.
Жақсы адамның жасын сұрама,
Жақсы аттың тісін қарама.
Екі жақсы қас болмас,
Екі жаман дос болмас.
Жақсының басына іс түссе,
Ашынар да, ашылар.
Жаманның басына іс түссе,
Төгілер де, шайылар.
Жаманға басшы болғанша,
Жақсыға қосшы бол.
Жақсыны көрсең —
Көңілің ашылады,
Жаманды көрсең —
Көңілің басылады.
Жаманға етіңді бер,
Жамандығын қойсын деп.
Жақсыға ниетіңді бер,
Мерейі толсын деп.
Жақсының қасиеті — жарастыру,
Жаманның қасиеті— таластыру.
Жақсыға айтқан тура сөз —
Жасақ тіккен тумен тең.
Жаманға айтқан тура сөз —
Құмға төккен сумен тең.
Жақсыға айтсаң
Бітірер,
Жаманға айтсаң
Жітірер.
Жақсы жігіт
Досының қамын ойлайды.
Жаман жігіт
Басының қамын ойлайды.
Жақсыны көріп,
Пікір ет,
Жаманды көріп,
Шүкір ет.
Жақсымен жанассаң
Атаққа ілінерсің.
Жаманмен жанассаң
Шатаққа ілігерсің.
Асыл туған адамның
Алтын жетпес нарқы бар.
Жақсы менен жаманның
Аспан мен жердей парқы бар.
Жақсының басына іс түссе,
Отбасына білдірмейді.
Жаманның басына іс түссе,
Отбасын күлдірмейді.
Жаманды көрмей,
Жақсыны танымайсың.