Әйел туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 34
Мақал-мәтелдер: 174
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 3
Өлеңдер: 214
Нақыл сөздер: 137
Құттықтау, тілектер: 16
Туындылар: 1
Әңгімелер: 83
Ертегілер: 1
Шығармалар: 2
Анекдот, әзілдер: 25
Аңыздар: 2
Эсселер: 1

Сұлу әйелдің күйеуі қарауыл.
Еркек үйдің – иманы,
Әйел – үйдің жиғаны.
Жетесіз әйел ер қадірін білмес.
Әйел асқақтаса, жылайды,
Еркек асқақтаса, құлайды.
Жақсы әйел – ері ұялар іс қылмайды.
Қатынның шайпау болғаны – болмағаны,
Келіннің шайпау болғаны – оңбағаны.
Қатын ашуланса қазан қайнатар.
Елді қорғайтын – ерлер,
Ерлерді тәрбиелейтін – әйелдер.
Тыртақай жігітке,
Жыртақай әйел кез болар.
Қыздың ерлігі қырғында білінді,
Әйел демей алдына жауы жүгінді.
Ердің жақсысы
Елімен ойласады,
Әйелдің жақсысы
Ерімен ойласады.
Ең болмаса,
Жаулығымен, жеңімен ойласады.
Ер - бас,
Қатын - мойын.
Жаман еркек той бұзар,
Жаман әйел үй бұзар.
Еркек сергек ұйықтаса, ырыс бітеді,
Әйел сергек ұйықтаса, жұмыс бітеді.
Жақсы әйел жаман еркекті ер қылады,
Жаман еркек жақсы әйелді жер қылады.
Жақсы таз басын жасырмайды,
Жақсы әйел асын жасырмайды.
Алты бала таппай ана аталмайды,
Бес бала таппай белгілі әйел болмайды.
Қатын алсаң, отын ал.
Қатын жақсы, ер жақсы.
Қатыны жоқ үй – тұл.
Ерді ер ететін де, жер ететін де қатын.
Жақсы қатын жаман еркекті де адам етеді.
Алтын отпен, әйел алтынмен, еркек әйелмен сыналады.
Балаң жақсы болса —
Екі көздің шырағы.
Атың жақсы болса —
Бұл дүниенің пырағы.
Алған жарың жақсы болса —
Абыройыңның тұрағы.
Ұятсыз әйел – тұзсыз ас,Әдепсіз жігіт – жүгенсіз ат.