Әл туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 12
Өлеңдер: 4
Нақыл сөздер: 1

Әлсіздің де әлі бар.
Бөрінің қартайса да,
Бір қойлық әлі бар.
Әл үстінде жатқан адамның
Аузына мақтамен су тамызады.
Ер — әлімен,
Жер — кенімен.
Әлiм келсе,
Арыс суын байлар ем.
Етікті нәл сақтайды,
Жігітті әл сақтайды.
Арыстан айға шабамын деп,
Артқы аяғы мерт болыпты.
Әлі жетпеген Аллашыл.
Әлі жетпеген ақыретшіл.
Әліне қарамаған — әлек.
Аузына әлі жетпегеннің
Қолында шоқпары бар.
Аяз әліңді біл,
Құмырсқа жолыңды біл.