Достық туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 3
Мақал-мәтелдер: 74
Тақпақтар: 9
Өлеңдер: 97
Нақыл сөздер: 58
Туындылар: 1
Әңгімелер: 6
Ертегілер: 3
Поэмалар: 1
Шығармалар: 4
Аңыздар: 2
Эсселер: 4

Жақсы жаныңа жолдас, жаман малыңа жолдас.
Заттың жаңасы жақсы,
Достың ескісі жақсы.
Жігіт жолдасынан белгілі.
Біреу жаныңа жолдас,
Біреу малыңа жолдас.
Жақсымен жолдас болсаң,
Жетерсің мұратқа.
Жаманмен жолдас болсаң,
Қаларсың ұятқа.
Құс қанатымен,
Ер жолдасымен.
Ай көрмесең туысың жат,
Жыл көрмесең жолдасың жат.
Дәмді болса - достық қымбат,
Мәнді болса - жастық қымбат.
Досың сүйінсін,
Дұшпаның күйінсін.
Екі жақсы қосылса,
Өлгенінше дос болады,
Екі жаман қосылса.
Өлгенінше қас болады.
Ерегескен ел болмайды,
Есептескен дос болмайды.
Досың дос болғанға шаттан,
Дұшпанмен дос болудан сақтан.
Дұшпан күлдіріп айтады,
Дос жылатып айтады.
Дос сыртыңнан мақтар,
Дұшпан көзіңе мақтар.
Ағаш тамырымен,
Адам досымен мықты.
Досыңды мақтағаның - өзіңді жақтағаның.
Жолдасын тастаған – жолда қалар.
Досы жоқ адам – тұзы жоқ тағам.
Жолдасты жол айырады.
Жолдасы көптің – олжасы көп.
Жолдасың жаман болса,
Алыс жүріп түн қатпа.
Қатының жаман болса,
Кісі алдында тіл қатпа.
Қимас досың сұраса, қимасыңды бергейсің.
Жолдастының жолы кең.
Досы көппен сыйлас,
Досы азбен сырлас.