Жол туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 11
Мақал-мәтелдер: 147
Жұмбақтар: 26
Тақпақтар: 20
Өлеңдер: 350
Жаңылтпаштар: 3
Нақыл сөздер: 71
Баталар: 10
Туындылар: 4
Әңгімелер: 45
Ертегілер: 2
Поэмалар: 5
Шығармалар: 5
Анекдот, әзілдер: 4
Аңыздар: 2
Эсселер: 4

Жалғыз жүрсең-жол ұзақ.
Ұзақ болса да жолдың турасы жақсы.
«Жолдың турасы» деген кең мағынада адамның өмір жолы туралы мағынаны білдіреді. Ешкімге қиянат..
©  Гүлтас Құрманбай
« Жақсы жолдас ерттiм дегенше, Жарты жолдан өттiм де»
Адамның жас күнінде жолдастары көп болады. Бірге ойнаған да жолдас, бірге жүрген..
©  Гүлтас Құрманбай
Бір күндік жолға шықсаң,Үш күндік азық ал.
Мөлдір сулы бастаудыңЖолын қау шөп баспайды.
Қолы ашықтыңЖолы ашық.
Барлық жолдар Римге алып барады.
Алғашқы қадам – жарты жолды басып өту.
 Адамның қандай екендігі жолда және үйінде білінеді.
Ат қиналмай жол таппас.
Білім ал, ол өмірдің жолын ашар,
Кісіден білім білген бәле қашар.
Берейін деген құлына,
Айдап салар жолына.
Бермейін деген құлына,
Іздесе табылмас пұлына.
Берсе, қолынан,
Бермесе, жолынан.
Бауырласың болмаса, жолдас ізде,
Жақсы жолдас — бауырлас.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар.
Ауру мен жолаушы қамын
Жол қиындығын көрген біледі.
Асыққан тез ариды,
Жүгіріп жол алмас болар.
Ақырын жүрген күні-түні жүрсе де, талмайды.
Алыс болса да жол жақсы,
Соқыр болса да қыз жақсы.
Алыс жолдың іздерін түйе білер.
Алыс-беріс адал істе епшіл бол,
Жол ашылар, әр кезде де көпшіл бол.
Алыс-беріс қолынан,
Шығарып қояр жолынан.
Ақымақ болса да, серік жақсы,
Қисық болса да, жол жақсы.
Ақыл махаббат тұзағына тап келсе,
Қашарға жол іздейді.
Ақылды адамға екі дүниеде де жол ашық.
Жолы болар жігіттің жеңгесі шығар алдынан.