Ашу туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 76
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 46
Нақыл сөздер: 35
Әңгімелер: 6
Анекдот, әзілдер: 1

Ашулыда ақыл болмас,
Ақыл көп болса, ашу нетер.
Ашушаң жақсы болмас,
Жақсы ашушаң болмас.
Аш кісінің ашуы жаман.
Ашу — кәпір, ақыл — дос,
Ақылыңа ақыл қос.
Ашу қысқан жаман іске ұрынар,
Ызалыға білім үйрет, ұғынар.
Ашу, қаһар асығыс іс қылдырар,
Онда өмірің зая кетер, құлдырар.
Асығыста салмақты бол,
Ашу қысса, ұстамды бол.
Асқан ашу қорқыныш туғызады.
Айтпай білмес,
Ашпай көрмес.
Биттің ашуын сіркеден алады.
Аш адам көп жейді,
Ашулы адам көп сөйлейді.
Керіспейінше, ашу басылмайды.
Жел тұрмайынша, күн ашылмайды.
Әйел ашуланса, екі көзіне әлі келеді.
Қатын ашуланса қазан қайнатар.
Ашу ақылдың дұшпаны,
Нәпсі иманның дұшпаны.
Көргенсiз дегенге ашуланба,
Көрмей бiлмессiң.
Қараның ашуы келгенде сарының жаны шығады.
Ақылы асқан жақсыны «алысым» деп ойлама,
Ақылы жоқ жаманды «жақыным» деп ойлама.
Бір сынаған жаманды екінші қайтып қинама,
Ашуланса, мерт қылар..
Ашу - қайнар, ақыл дос, ақылыңа ақыл қос.
Қайтып келер есікті қатты серіппе.
Ашу тұрған жерде, ақыл тұрмас.
Ақылдан ашу көп болса, ақыл кетер,
Ашудан ақыл көп болса, ашу не етер.
Ашу арындайды,
Ақыл соңынан аяндайды.
Ашулының алдында тұрма.
Ит десең ашуланып, күшік десең күледі.